Еске алу кешіне байланысты ескертулер
Ақсақалдар Еске алу кешіне дайындалғанда келесі жайттарға көңіл аударулары керек:
◼ Рәміздердің күн батқан соң берілетіндігіне көз жеткізіңдер.
◼ Лайықты нан мен шарапты дайындап қою керек (2003 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 наурыздағы нөмірінің 10, 11-беттерін қара.).
◼ Кеш өтетін залға алдын ала лайықты үстелді әкеліп, дастарқан жайып, тәрелкелер мен шарап құятын ыдыстарды дайындау керек.
◼ Кездесу өтетін Патшалық сарайын немесе өзге залды алдын ала жақсылап тазалап қою керек.
◼ Қызмет көрсетушілер мен рәміздерді алып жүретін бауырластарды тағайындап, оларға кездесудің қалай өтетінін, әрқайсысының міндетін және киімдері мен сырт көріністері мейрамға сай болу керектігін алдын ала ескерту керек.
◼ Денсаулықтарына байланысты Еске алу кешіне келе алмайтын майланғандардың рәміздерден дәм татулары үшін қам жасау керек.
◼ Бір Патшалық сарайында бірнеше қауым кеш өткізетін болса, дәлізде, кіре берісте және жолда адамдардың топталып қалмауын, ал көлікжайда көліктердің жиналып қалмауын алдын ала ойластыру керек.
◼ Кездесу Патшалық сарайынан басқа жерде өтетін болса, бәрі де баяндамашыны жақсы ести алу үшін дыбыс жүйлерінің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңдер.