Қымбатты Патшалықтың жариялаушылары!
2007 қызмет жылында қандай тамаша оқиғалар болғанын қуанышпен хабарлаймыз!
Ең алдымен, Алматы қаласында Қазақстандағы Бетел ғимараттарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін хабарлағымыз келеді. Құрылыс 2005 жылдың 4 қаңтарында басталып, 2007 жылдың 13 ақпанында аяқталды. Оған жүздеген ерікті қызметші қатысты. Өздерінің уақыттары мен күштерін құрбан етіп, осы іске атсалысқан бауырластарға және құрылыс ісіне ерікті садақаларымен, сондай-ақ дұғаларымен қолдау көрсеткендердің барлығына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!
2007 жылы Қазақстан мен Тәжікстанда ондаған оқшау топтар тіркелді. Әр топта орта есеппен 20 жариялаушы қызмет етеді және көп топтарда апта сайын өтетін қауым кездесулерінің бәрі жүргізіліп тұрады! Оқшау топтарда қызмет ететін бауырластар басшылық пен жігерге мұқтаж, сондықтан оларға аудандық бақылаушылар жүйелі түрде барып тұрады. Біздің офистің қарамағында Қазақстандағы 170 қауым мен 29 оқшау топ, сондай-ақ Тәжікстандағы 8 қауым мен 3 топ бар. Бұл қауымдардың кейбірі биыл соғылған 9 жаңа Патшалық сарайында жиналады (Иш. 54:2, 3).
Қауымдар мен оқшау топтарда жауапты бауырластар жетіспейді. Сондықтан, қымбатты бауырластар, біз сендерді қауымдағы мәртебелі міндеттерді атқаруға киелі рухтың басшылығымен тағайындала алуларың үшін қажетті талаптарға сай келуге талпындырамыз.
“Жалған діннің ақыры таяп келеді!” деген трактатты тарату науқаны барлығымызды рухани сергітіп және жігерлендіріп тастады. Бұл трактаттың Қазақстанда 638 872, ал Тәжікстанда 29 974 данасы таратылды. Еске алу кешіне шақыру науқанының нәтижесінде Қазақстанда бұл кездесуге 32 160, ал Тәжікстанда 1 410 адам келген. Бұдан аймағымызда “Келе гөр!” деген шақыруды қабыл алатын адамдардың әлі де көп екенін көруге болады (Аян 22:17). Сондықтан учаскеміздегі адамдардың тіпті аз ғана қызығушылығының өзін дамытуға күш сала отырып, зерттеу сабақтарын бастауға тырысайық!
Біз бұдан былай да әрқайсымыздың өмірімізде Патшалық мүддесі басты орында тұруын сұрап Ехобаға дұға етеміз (Мат. 6:33).
Бауырластарың,
Қазақстан Республикасындағы Ехоба куәгерлерінің діни орталығы