Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Шілдеде “Құдайдың басшылығы” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша. Тамызда “Өлген соң адаммен не болады?” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша. Қыркүйекте “Киелі кітап үйретеді” кітабы. Адаммен алғашқы кездескен кезде-ақ Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Кітапты алған адамдардың бәріне Киелі кітап зерттеу сабағын бастау үшін қайта бару керек. Қазанда “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық танытқан адамға “Сергек болыңдар!” кітапшасын ұсыныңдар және Киелі кітапқа деген қызығушылығын арттыруға тырысыңдар.
◼ Қыркүйек айында бес сенбі, бес жексенбі болатындықтан, бұл айда қосалқы ізашар болуға керемет мүмкіндік бар.
◼ Қыркүйектен бастап аудандық бақылаушы “Неліктен Киелі кітапқа сенім артуға болады?” деген баяндама айтады.
◼ Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланктері офиске ізашарлық қызмет басталатын датадан, кем дегенде, 30 күн бұрын жіберілу керек. Қауым хатшысы осы бланктердің толық толтырылғанына көз жеткізуі керек. Бланк толтырған адамның шомылдыру рәсімінен өткен күні есінде болмаса, сол күнді шамалап жазып, өзіне де сақтап қойсын. Қауым хатшысы бұл датаны “Жариялаушылардың есептерін тіркеу қағазына” (S-21) жазып қою керек.
◼ 2007 жылғы 31 тамызында немесе осы күнге жақын аралықта қолда бар әдебиеттер мен журналдарды түгендеу керек. Бұл әдебиетке жауапты жетекші бауырластың ай сайынғы есепке алу жұмысындай, тек жалпы нәтижесі “Әдебиеттерді түгендеу” (S-18) бланкіне енгізіледі. Қолда бар журналдардың жалпы саны туралы журналдарға жауапты қызметші(лер)ден білуге болады. Түгендеу ісі жетекшілік етуші қауымның хатшысының басшылығымен жүргізілу керек. Осы хатшы және сол қауымның төрағалық етуші бақылаушысы бланкке қол қояды. Әр жетекшілік етуші қауым “Әдебиеттерді түгендеу” бланкінің үш данасын алады. Бланктің түпнұсқасын офиске 6 қыркүйектен кешіктірмей жіберулеріңді өтінеміз. Көшірменің бір данасын картотекаларыңда сақтаңдар. Ал үшінші данасын қолдануға болады.