Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінде 2007 жылғы 25 маусымнан басталатын аптада ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2007 жылғы 7 мамырдан басталатын апта мен 25 маусымнан басталатын апта аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. Ескерту. Егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек. (“Қызмет мектебі” оқулығының 36, 37-беттерін қара.)
САБАҚ
1. Сөйлегенде қысылып-қымтырылмай, даусымыз жақсы шығу үшін не істеуімізге болады? (be 185-б. 1—3 абз.)
2. Қалайша қызмет кезінде ‘әртүрлі адамдарға бейімделе’ аламыз? (Қор. 1-х. 9:20—23) (be 186-б. 2—4 абз.)
3. Ехобаның басқаларды тыңдауға қатысты көрсеткен үлгісіне қалай еліктеуімізге болады? (Жар. 18:23—33; Пат. 3-ж. 22:19—22) (be 187-б. 1, 2, 5-абз.)
4. Басқалардың рухани өсулеріне қалай көмектесуімізге болады? (be 187-б. 6-абз.—188-б, 3-абз.)
5. Неге адамдарды құрметтеуіміз керек? (be 190-б. 3-абз., қоршау)
№1-ТАПСЫРМА
6. Ишая кітабының Өлі теңіз қолжазбасы Киелі кітап біздің күнімізге дейін өзгеріссіз жеткенін қалай дәлелдейді? (bsi06-U 30-бет, 6-абз.)
7. Киелі кітаптағы көңіл бұрарлық ойлармен шығатын бауырлас тапсырмасына қалай дайындалғаны дұрыс? (be 47-б. 3, 4-абз.)
8. Көпшілікке арналған баяндама барысында Жазба орындарын қалай қолдану керек? (be 53-б. 1, 2-абз.)
9. Ишая Мәсіх басқарған Патшалыққа және Мәсіхке жол дайындайтын шомылдыру рәсімінен өткізетін Жақияға қалай назар аударған? (bsi06-U 32-бет, 35-абз.)
АПТА САЙЫН КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
10. “Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік!” деген сөздер нені білдіреді? (Иш. 1:18)
11. Неге Ехоба зұлым патша Ахазды қорғады? (Иш. 7:3, 4)
12. Неге тұтқыннан оралғандарға: “Естеріңе бұрынғыны алмаңдар”,— делінген? (Иш. 43:18—21)
13. “Басқа ұлт адамдары” кімдер және қалайша олар ‘[Ехобаның] келісімін берік ұстанады’? (Иш. 56:6)
14. “Мәңгілік келісім” деген не, ал “ұрпақ” деген кімдер? (Иш. 61:8, 9)
15. Қалайша Құдайдың қаһары өзіне сүйеніш болады? (Иш. 63:5)