Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Наурыз айында қауымда бар кез келген 32 беттік кітапша. Сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға тырысыңдар. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Маусымда “Отбасы бақыты” кітабы немесе “Құдай талап етеді” кітапшасы. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы не ол тағайындаған өзге бауырлас қауымның желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы қаржы есебін тексеруі керек. Қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін, тексерудің нәтижесі қауымда хабарландырылуы тиіс (“Қауым қаржысын тексеруге қатысты басшылық (S-27)” деп аталатын бланкті қара).
◼ “Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” журналдарын қауымға келе салысымен жариялаушыларға таратып берген дұрыс. Сонда жариялаушылар қызметте ұсынбас бұрын, олардың мазмұнымен таныса алады.