Сауалдар жәшігі
◼ Қауымға көмектесу үшін бұрын қолданыста болған заттарды сатуға не басқаша жолмен қаржы жинау шараларын ұйымдастыруға бола ма?
Діни ұйымдардың арасында тамақ беру, сауда-саттық немесе мерекелер ұйымдастыру сияқты қаржы жинау шараларын өткізу кеңінен тараған. Кейбіреулерге игі мақсатпен жасалып жатқандай көрінгенімен, негізінде, бұл адамды ақша беруге мәжбүрлеу болып табылады. Ехоба Куәгерлері мұндай жолмен қаржы жинамайды.
“Күзет мұнарасының” 1897 жылғы тамыз айында шыққан екінші санында біздің шіркеулерге еліктеп, ақша жинамайтынымыздың себебі айтылған болатын: “Біз “Сион күзет мұнарасына” Ехобаның өзі қолдау көрсететініне сенеміз, сондықтан ешқашан да адамдардан көмек сұрап жалынбаймыз да, өтінбейміз де. “Күміс те Менен, алтын да Менен”,— деп айтқан Тұлға қажетті қаражатпен қамтамасыз етуін доғарған сәтте, әдебиеттер шығаруды тоқтататын уақыттың да келгенін түсінеміз”.
Біз келесі принципті ұстанамыз: “Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады” (Қор. 2-х. 9:7). Патшалық сарайларында қалаған адам ерікті садақа салуы үшін арнайы жәшіктер қойылған (Пат. 4-ж. 12:9). Оған ешкім біреудің өтінуімен, немесе ақысына қандай да бір нәрсе алу мақсатымен ақша салмайды.