Уағыздау кестеңді бейімдей аласың ба?
1. Неге уағыздау кестемізді адамдардың жағдайына бейімдеуіміз керек?
1 Біз, шынайы мәсіхшілер, Исаның адамдарды балық аулағандай жинап әкеліңдер деген шақыруын қабыл алғанбыз (Мат. 4:19). Балықшылар сияқты біз де адамдарға үйлерінде болатын уақытта барсақ, ісіміз жемісті болады. Көп елде келесі айда күн ұзағырақ болады. Түс қайта және кешке жақын көп адам үйінде болатындықтан және бұл мезгілде шаруалары аса қауырт болмайтындықтан, олар келген адамдармен сөйлесуге қарсы болмайды. Учаскеңе осы мезгілде бара аласың ба? (Қор. 1-х. 9:23)
2. Ізгі хабарды көбірек адамдарға жеткізудің қандай жолдары бар?
2 Кешкі мезгілде уағыздау. Кешкі мезгілде уағыздауды жоспарласақ, ізгі хабарды көбірек адамға жеткізе аламыз (Нақ. с. 21:5). Мүмкін, жастар уағыздауға сабақтан кейін, ал үлкендер жұмыстан кейін шыға алатын шығар. Кейбір кітап зерттеу топтары апта сайынғы кездесулерінің алдында бір сағаттай уағыздауға мүмкіндік болу үшін шаралар қарастырса болады.
3. Сендердің аймақтарыңда түс қайта және кешке жақын қалай қызмет еткен ыңғайлы?
3 Учаскеге түс қайта және кешке жақын барғанда, басқа уақытта үйлерінен табылмайтын адамдарды кездестіруге болады. Көп жерде көшеде не басқа көпшілік орындарында да уағыздауға болады. Көп жариялаушылар бұл мезгілдің адамдарға қайта барып, зерттеу сабағын бастауға да қолайлы екенін көрген.
4. Неге кешкі мезгілде уағыздағанда парасатты және мұқият болуымыз керек?
4 Парасаттылық танытыңдар. Кешкі мезгілде уағыздағанда, даналықпен әрекет ету керек болады. Адамдарға ұйықтайын деп жатқанда келмей, қызметімізді ертерек аяқтағанымыз парасаттылыққа жатады (Філіп. 2:4). Есікті қаққанда, үй иесі сені жақсы көре алатындай жерге тұр және кім екеніңді нақты әрі анық айт. Не үшін келгеніңді бірден айт. Отбасы тамақтанайын деп жатқанда немесе басқа да қолайсыз уақытта келсең, басқа бір жолы келе алатыныңды айт. Әрқашан мұқият бол (Мат. 7:12).
5. Уағыздау кезінде қалай қауіпсіздік сақтауымызға болады?
5 Кешке жүрудің қауіпті жағын да ескеруіміз керек. Қараңғы түскенде екеуден немесе топтасып жүрген даналыққа жатады. Қараңғы, адам аз жүретін көшелермен жүрме. Қауіпсіз деген жерлерде уағызда. Қараңғы түскен соң қауіпті болып саналатын жерлерден аулақ жүр (Нақ. с. 22:3).
6. Кешкі мезгілде уағыздаудың тағы қандай пайдасы бар?
6 Кешкі мезгілде уағыздағанда, қосалқы және жалпы ізашарлармен қызметке шығуға болады (Рим. 1:12). Осы мезгілде қызмет ету үшін уағыздау кестеңді бейімдей аласың ба?