Арнайы бір күндік конгрестің жаңа бағдарламасы
Көз ғажайып құрастырылған (Заб. 138:14). Дегенмен ол бір мезгілде бірнеше нәрсеге назар тіге алмайды. Рухани мағынада да, тура мағынада да осылай деуге болады. Рухани көзіміз таза көре алу үшін бар ойымызды Құдайдың еркін орындауға жұмылдыруымыз керек. Шайтанның дүниесінде алаңдататын нәрселер күн санап өсіп жатқанын ескерер болсақ, 2006 қызмет жылында өтетін арнайы бір күндік конгрестің “Көзіңді қарапайым етіп сақта!” деп аталатын тақырыбы өте орынды таңдалғанын көреміз (Мат. 6:22, ЖД).
Ехобаның батасын алу үшін не істеуімізге болады? (Нақ. с. 10:22). Бұл сұрақ “Көзін қарапайым етіп сақтайтындар ие болатын мол бата” деп аталатын баяндамада қарастырылады. Бауырластар берген сұхбаттарда Жазбалардағы принциптерді қолданудың біз үшін қандай пайдасы бар екеніне назар аударылады. Арнайы шақырылған бауырластың “Зұлым дүниеде көзді қарапайым етіп сақтау” деп аталатын алғашқы баяндамасы өмірімізді ауырлатып жіберетін және ақырында рухани күйімізге зиян келтіретін нәрселерден сақ болуымызды ескертеді. Сондай-ақ “игілікті жағын” таңдауға не жататынын білеміз (Лұқа 10:42).
Қалай ата-аналар және басқалар жас мәсіхшілерді ойларын рухани нәрселерге жұмылдыруға жігерлендіре алады? “Жебелерін дұрыс бағытқа көздеген ата-аналар” және “Алдарына рухани мақсаттар қойған жастар” деп аталатын баяндамалардың арасында осы маңызды сұраққа қатысты ата-аналар мен балалар түсініктеме береді (Заб. 126:4). Арнайы шақырылған бауырластың соңғы баяндамасында жеке өзіміз, отбасымыз және қауым болып қалай Ехобаның ұйымымен бірге алға жылжуымызға болатыны қарастырылады.
Шындықпен жаңадан таныссақ та, Ехобаға қызмет етіп жүргенімізге көп жыл болса да, көзімізді қарапайым етіп ұстағанымыз маңызды. Арнайы бір күндік конгрестің бағдарламасы солай етуімізге көмектеседі.