Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.04. 1-б.
  • Жастар, Құдай Сөзін оқыңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жастар, Құдай Сөзін оқыңдар!
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Ұқсас мәлімет
  • Жастар, рухани мақсаттарды көздейсіңдер ме?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Сенім танытып, дана шешім қабылдаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Қабылдаған шешімдерің Құдайға мадақ әкелсін
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жастар, шомылдыру рәсімінен кейін де алға баса беріңдер!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 4.04. 1-б.

Жастар, Құдай Сөзін оқыңдар!

1 Жастық шақ — қиыншылықтарға толы және маңызды шешімдер қабылдайтын кезең. Мәсіхші жастар, көпшілігің Құдайдың жүріс-тұрысқа қатысты нормаларын бұзу қысымымен күн сайын кездесіп жүрсіңдер. Сондықтан білім алу, жұмыс және неке құруға қатысты жеке шешімдер қабылдар алдында рухани мақсаттар қойғандарың абзал. Тек сонда ғана қабылдайтын басқа шешімдерің өмірлеріңе жақсы әсер ететін болады. Ал нақты рухани мақсаттар ақылмен әрекет етуге әрі жетістікке жетулеріңе көмектеседі. Сондықтан Құдай Сөзін жүйелі түрде оқып, оның үстінен ой жүгірткендерің Құдайдың рухының жетелеуімен жазылған кеңесіне сай өмір сүруге талпындырады, ал осыған жұмсаған күштерің табыссыз болмайды (Еш. 1:8; Заб. 1:2, 3).

2 Мұның сен үшін қандай пайдасы бар? Шайтанның дүниесі — күнәға тартатын еліктірулерге толы (1 Жох. 2:15, 16). Мүмкін, сен құрбы-құрдастарының қысымына беріліп қайғы шеккен сыныптастарыңды немесе өзің қатарлы басқа жастарды білетін шығарсың. Ал Киелі кітаптың кеңесін берік ұстанғаның күнәкарлықтан аулақ болу үшін рухыңды нығайтады және рухани күш береді. Сондай-ақ Құдай Сөзіндегі кеңес Шайтанның жасырын торларына түсіп қалмауға көмектеседі (2 Қор. 2:11; Ев. 5:14). Құдай жолымен жүргенің нағыз бақытқа жеткізеді, яғни өміріңді қанағат сезіміне бөлейді (Заб. 118:1, 9, 11).

3 Құдай Сөзіндегі мәңгі принциптер адам баласының даналығынан әлдеқайда жоғары (Заб. 118:98—100). Киелі кітаптың принциптерін жақсылап білгенің және шын жүректен дұға ете отырып, Ехобаның еркі туралы ой жүгірткенің даналығында шек жоқ Киелі кітаптың авторы Ехоба Құдаймен тығыз қарым-қатынас дамытуға көмектеседі. Ол: “Мен саған ақыл-кеңес беремін, жүретін жолыңды көрсетемін; сені көзімнен таса қылмай, әрдайым жетелеп жүремін”,— деп уәде етеді (Заб. 31:8).

4 Киелі кітапты оқуға уақыт бөл. Бір жас мәсіхші бауырласымыз Киелі кітапты толық оқып шығуды мақсат етіп қойып, оны бір жыл ішінде оқып шығыпты. Мұның пайдасы қандай болды? “Мен Ехоба туралы соншалықты көп нәрсе білдім, соның арқасында оған бұрынғыдан да жақындай түстім және бұл мені өмір бойы оны қастерлеуге талпындырды” (Жақ. 4:8). Сен Киелі кітапты толық оқып шықтың ба? Егер олай болмаса, неге алдыңа сондай мақсат қоймасқа? Ал Ехобаның осындай талпынысыңа батасын төгері сөзсіз, әрі мұның керемет жемісін көресің.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу