Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 1.04. 3-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Ұқсас мәлімет
  • Уақытында сөйлеп біту; уақытты дұрыс бөлу
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Қызмет кездесуіне дайындалу
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Қызмет кездесуін жүргізетін бауырластарға нұсқаулар
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Қауымға арналған баяндамаларды дайындау
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 1.04. 3-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Қауым кездесулеріне бөлінген уақытты қалай дұрыс ұстана аламыз?

Жігерлендіретін нәрселерді достарымызбен бөліскен кезде, уақыт дегенің зымырап өте шығады. Кездесулердің бөліктеріне бөлінген уақытты дұрыс ұстануда қиындықтың туындайтыны да сол себепті. Бағдарлама бөліктері уақтылы өту үшін не істеуге болады?

Уақтылы бастау. Қауым тегіс жиналатын кездесулер тәртіп бойынша уақтылы басталғанда, тыңдаушыларды бір не екі минут қалғанда орындарына жайғасуларын өтінгенің көмегін тигізеді (Еккл. 3:1). Кішігірім топ болып жиналатын кездесулерді, мысалы, уағыздауға арналған кездесулерді кешігіңкіреп келгендерді күтпей, уақтылы бастау керек.

Жақсылап дайындал. Уақытты дұрыс ұстанудың бір жолы — алдын ала дайындалу. Берілген тапсырманың мақсатын ойыңда ұста. Негізгі ойларды анықтап ал да, сол ойларға ерекше көңіл аудар. Басқа жаққа ауытқытып жіберетін ұсақ-түйектерді тәптіштеп түсіндіруден қашық болу керек. Қарапайым етіп жеткіз. Егерде бағдарлама бөлігіне көрсетулер немесе сұхбат берулер енгізілген болса, қатысушылармен бірге алдын ала дайындал. Мүкіндігінше өзің орындайтын бөлікті дауыстап дайындалып, кеткен уақытыңды тексер.

Мәліметіңді бөліктерге бөл. Саған берілген тапсырма баяндама не тыңдаушылармен талқылау болсын, мәліметтеріңді бөліктерге бөлгенді пайдалы деп табарсың. Әрбір бөліктерге қанша уақыт кететінін шешіп алып, әрі оны жол жиегіне жазып көрсетуіңе болады. Содан кейін баяндама барысында уақытты қадағала. Егер тыңдаушылармен талқылау болатын болса, кіріспе бөлігіне көп уақыт кетіріп, кейінгі бөлігін асығып-аптығып қарастырудан қашық бол. “Күзет мұнарасын” талқылауды жүргізетін бауырлас қоршаудағы сұрақтарды қолданып, шолу жасау үшін жеткілікті мөлшерде уақыт бөлу керек. Сонымен қатар жүргізуші бауырластар соңғы ән мен дұғаға бөлінген уақытты да жеп қоюдан абай болулары керек.

Уақтылы аяқтау. Егерде жиналыстың бағдарламасы бірнеше бөліктерден тұратын болса, мысалы, Қызмет кездесуінде әрбір баяндамашы өз бөлігінің қашан басталатынын және аяқталатынын жете түсіну керек. Ал егерде уақыт кестеде келтірілгеннен созылып кетсе не істеуге болады? Кейінгі бөліктерді жүргізетін бір не бірнеше бауырластар баяндамаларында ең негізгі деген ойларға тоқталып, кейбір мәліметтерді қысқарта алғаны жақсы болады. Осылай істей білген әркім тәжірибелі оқытушы екендігін көрсетеді.

Тыңдаушылар ретінде біз жүргізуші бауырластарға қысқа әрі нұсқа түсініктеме бере отырып, жәрдемдесе аламыз. Осылай бәріміз де жиналыста ‘әдеп пен тәртіп сақталуына’ ықпал етеміз (1 Қор. 14:40).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу