Ехоба куәгерлерінің 2004 жылғы “Құдаймен бірге жүріңдер” атты облыстық конгресі
1 Сен үшін жыл сайын болатын облыстық конгресс несімен ерекше? Жігер беретін баяндамаларымен бе, әлде ‘адал да саналы қызметшінің’ біздер үшін дайындаған драмасымен бе? (Мат. 24:45—47). Жоқ әлде, ішінде уақтылы рухани тағамы бар жаңа әдебиеттерімен бе? Бәлкім, саған бауырластардың Киелі кітап өмірлерін қалай жақсартқаны туралы айтып берген оқиғалары ерекше болар? Немесе уағыздау ісінің өзге елдерде қалай алға басып жатқаны туралы есепті тыңдау қызық болар? Мүмкін, әр түрлі жастағы бауырластармен араласып, әңгімелескен ұнар? Иә, осы және басқадай себептермен бәріміз де конгресті тағатсыздана күтеміз!
2 Үш күніне де қатысыңдар: Ехоба Мұсаға: ‘Халықты... жина. Тыңдап, үйренсін’,— деп тапсырған болатын (Заң. қ. 31:12). Конгрестің әр күнінен тәлім алуымыз үшін Ехоба адал да саналы қызметші арқылы арнайы бағдарлама дайындап отыр. Ол ‘бізге пайдалыны үйретіп’ жатқандықтан, конгрестің үш күніне де қатысып, оның барлық тәлімін алғымыз келеді (Иш. 48:17). Егер жұмыс берушіңнен сұрану қажет болса, Ехобаға дұға етіп, Нехемияның батыл әрекетіне елікте (Нех. 1:11; 2:4). Сондай-ақ отбасы мүшелері Куәгер болмаса, конгреске баруды жоспарлап жүргеніңді оларға мүмкіндігінше ертерек айтқаның сүйіспеншіліктің белгісі болар еді.
3 Тұратын орын. Ыңғайлы болу үшін әрбір конгресс өтетін қалада пәтер бөлімі ұйымдастырылған. Осы қосымша бет Қызмет кездесуінде қарастырылған соң, “Тұратын жайлар тізімі” қауымның хабарландырулар тақтасына ілінеді. Қаражаты шектеулі жариялаушылар үшін пәтер бөлімі жатақханалармен және басқа да орындармен келіседі. Мұндай жататын орындар қымбатқа түспейді, әйтсе де, онда жақсылап тынығуға, киімдерді реттеп, жуынып-шайынуға мүмкіндіктер бола бермейді. Осындай жерлерге тоқтап жүргеніңе біраз жыл болса да, неге өзге орын табуға мүмкіндік жасамасқа? Көптеген отбасылары мен жеке қауым мүшелері конгресс кезінде қонақ үйге тоқтау үшін жыл бойына ай сайын қаражаттарынан арнайы бөліп отырады (1 Қорынттықтарға 16:2 салыстырыңдар). Осылайша, олар дұрыс тынығып, тазалықты қадағалай алады. Тұрып жатқан жердегі жағдайлар конгресте алған рухани тамағымызды қорыта алуымыз бен бауырластармен араласудан қуаныш алуымызға әсерін тигізеді.
4 Сендердің қызметтес болуларыңның арқасында филиалға көмектесуші жергілікті қауымдағы бауырластар тұратын жайларды арзан бағаға келісе алады. Сондықтан да тек тізімде көрсетілген жерден орын алып, сонда көрсетілген бағаны ғана төлеулеріңді өтінеміз. Бұл жыл сайын конгресс өтетін жерге жақын, бағасы арзандау, жақсы орындар жалдауға көмектеседі. Конгресс өтетін жерден сәл қашықтау жердегі қонақ үйлер де жақсы. Тұратын орынға тапсырыс берер алдында 4-беттегі “Пәтер бөлімімен қалай қызметтес бола аласың?” деген қоршауда айтылған ойларды қарап шық. Хабарласқан кезіңде, “Тұратын орынға қалай тапсырыс жасаған дұрыс?” деген қоршаудағы қадамдарды ұстан.
5 Ерекше мұқтаждықтары барларға көмектесу. Елші Пауыл: “Барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік!” — деп Ғалатиядағы қауымдардың естеріне салған болатын (Ғал. 6:10). Егде, дәрменсіз бауырластар, жалғыз басты ата-аналар немесе толық уақытты қызмет етушілер конгреске бару үшін біраз қиыншылықтар көріп, бірақ көмек сұрамаулары мүмкін. Осындай бауырластарға ‘жақсылық істеп’, қол ұшын бере аласың ба? Мұндай жандарға мәсіхші туысқандары мен қауым ақсақалдары әсіресе мұқият болулары керек.
6 Жариялаушы “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкін толтырған болса, қауымның қызмет комитеті оны бланктегі нұсқауларға сай қарап шығады да, жергілікті қауым олардың мұқтаждықтарын қанағаттандыра ала ма, жоқ па, соны анықтайды. Мұндай көмек тек өздерін жақсы жариялаушы ретінде танытқандар мен тәрбиелі балалары бар жариялаушыларға көрсетіледі. Ерекше мұқтаждықтары барларға қатысты пәтер бөлімінде сұрақ туса, олар қауым хатшысымен хабарласады.
7 Пәтер бөлімі тұратын орындарды таңдағанда, бланкте көрсетілген ерекше мұқтаждықтарды ескеруге тырысады. Егер облыстық конгресс өтетін қалада тұрсаң және конгреске келушілерге өз пәтеріңді ұсынғың келсе, онда қауым хатшысы беретін “Пәтерлер” (CO-4) бланкісінде кейбір маңызды жайттарды: мысалы, кішкентай балаларың бар ма, төсекпен, тамақпен қамтамасыз ете аласың ба, пәтеріңде үй жануарлары бар ма және тағы басқа да жайттарды көрсетуге тырыс.
8 Өзге конгреске қатысу. Қандай да бір себептермен сендерге өзге конгреске баруға тура келуі мүмкін. Өзге конгресс туралы мәлімет алғың келсе, қауым хатшысына жолық. “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкісінің артқы бетінде конгресс өтетін орындар мен олардың күні, сондай-ақ пәтер бөлімдерінің мекен-жайлары туралы мәліметтер бар. Өтініштеріңді тиісті мекен-жайға жазып, өз мекен-жайларың мен марка жапсырылған бос хатқалта салып жіберіңдер. Өздерің баратын қалада бірнеше конгресс өтетін болса, қатысқыларың келетін конгрестің күнін нақты көрсетіңдер. Сол конгрестің пәтер бөлімі сендерге соңғы “Тұратын жайлар тізімін” жібереді.
9 Осыдан 2500 жыл бұрын, Ехобаның халқы жиналған жиында Езра мен леуіліктер Құдай Сөзін оқып, оны жиналған жұртқа түсіндірген. Мұның нәтижесі қандай болды? Нехемия 8:12-ден былай деп оқимыз: “Халық... үлкен қуанышқа бөленіп тарасты, өйткені айтылған сөздердің мағынасын түсінді”. Адал да саналы қызметшінің, Езра мен леуіліктер сияқты, Құдай Сөзін қолданып, оны түсіндіріп әрі өмірімізде қалай қолдану керектігін көрсетіп беріп жатқанына біз де риза емеспіз бе? Осылайша, адал да саналы қызметші Құдайдың сүйіспеншілігі мен оның халқының қамын ойлайтынын көрсетуде. Олай болса, “Құдаймен бірге жүріңдер” атты облыстық конгрестің бір күнін де жіберіп алмауға белімізді бекем буалық.
[3-беттегі қоршау]
Бағдарлама кестесі
Жұма және сенбі
9:30-дан — шамамен 5:10-ға дейін
Жексенбі
9:30-дан — шамамен 4:05-ке дейін
[4-беттегі сурет]
Пәтер бөлімімен қалай қызметтес бола аласың?
◼ Осы жылғы “Тұратын жайлар тізімінде” көрсетілген қонақ үйге тоқта. Тізімде көрсетілмеген қонақ үйлеріне телефон шалма.
◼ Тізімде көрсетілген қонақ үйлердің ешқайсысында орын болмай немесе келісу барысында қандай да бір қиыншылықтар туып жатса, қауым хатшысына хабарлаңдар. Ол тізімдегі мәліметтерді қолданып, сен қатысатын конгрестің пәтер бөлімімен байланысады. Тізімде көрсетілмеген қонақ үймен хабарласқанша, қайтадан қарастырылған тізімнің келуін күтуіңді сұраймыз.
◼ Өзіңе қажет орынға ғана тапсырыс бер.
◼ Алғашқы берген тапсырысыңды өзгертпе.
◼ Облыстық конгреске тағайындау жөніндегі хат оқылатын аптада аудандық конгресс өтетін болса ғана, қауым хатшысы “Тұратын жайлар тізімінің” көшірмесін жасап, кітап оқу топтарының жетекшілеріне беруіне болады. Ал жариялаушылар жеке өздеріне көшірмесін жасай алмайды.
[4-беттегі қоршау]
Тұратын орынға қалай тапсырыс жасаған дұрыс?
1. “Тұратын жайлар тізімінде” көрсетілген нөмірлерді қолданып, қонақ үйге жұмыс уақытында телефон шал.
2. Қонақ үй қызметшілеріне Ехоба Куәгерлерінің конгресіне қатысатыныңды айт.
3. Қонақ үйге қай күні келіп, қай күні кететініңді айт.
4. Бір қонақ үйден бөлме табылмаса, тізімде көрсетілген өзге қонақ үймен хабарлас.
5. Бөлмені “Тұратын жайлар тізімінде” көрсетілген бағамен ұсынып жатқанына көз жеткіз. Одан жоғары бағаға келіспе.
6. Тапсырыс жасап, оның орындалатынына көзіңді жеткіз.
7. Тапсырыс жасағанда, пәтер бөлімінің нұсқауларын орында.