Лайық адамдарды іздестіріп табыңдар
1 Исаның уағыздау ісіне қатысты берген тапсырмасын орындау бізге қиын болуы мүмкін. Иса: ‘Қай қалаға не ауылға кірсеңдер де, сол жерде өздеріңе түсуге лайық адамды іздестіріп тауып алыңдар’,— деп айтқан (Мат. 10:11). Бүгінгі күні адамдар үйлерінде аз уақыт өткізетін болғандықтан, қалай бұл істі тиімді өткізуге болады?
2 Учаскең жайлы ойлан. Алдымен өз учаскеңдегі адамдардың күн тәртібі жайлы ойланған жөн. Қай уақытта адамдар үйлерінде болуы мүмкін? Үйлерінде болмаса, оларды қай жерлерден іздеп табуға болады? Аптаның қай күні немесе қай уақытта олар әсіресе тыңдауға бейім? Учаскедегі адамдардың күнделікті өмір тәртібі мен жағдайларына қарап қызметіңді өзгертетін болсаң, жақсы нәтижеге жете аласың (1 Қор. 9:23, 26).
3 Көптеген жариялаушылар кешке таман уағыздаудың нәтижелі болатынын байқаған. Осы уақыт — адамдар үйлерінде жайбарақат, тыңдауға анағұрлым бейім болатын кез. Қысқы айларда күн қысқа болғандықтан, кешкі мезгілде сымтетік арқылы куәлік ету (рұқсат берілген жерлерде) тиімді болуы мүмкін. Сондай-ақ іскерлер ауданында және көпшілік жиналатын жерлерде куәлік беру арқылы адамдарға ізгі хабарды жеткізуге болады.
4 Бір қауым бір ай бойы сенбі мен жексенбі күндері түстен кейін және аптаның жұмыс кезіндегі екі күнінде кешке таман қызметке шығу шараларын ұйымдастырған. Сондай-ақ осы қауымда сымтетік арқылы және іскерлер ауданында уағыздау жұмыстары жүргізілген. Мұндай шаралар бауырластардың қызметке деген зор құлшыныстарын оятқандықтан, қауым әрі қарай да осы дағдыда уағыз айта беруді шешеді.
5 Қайта оралып барғанда ынталы бол. Егер учаскеге қайтып барғаныңда адамдармен қайта кездесу қиын болса, алғашқы кездесуден бастап, әрбір кездесудің соңында үй иесімен бір белгіленген уақытқа келісуге тырыс. Кейін келіскен уақытта қайта оралып келуді ұмытпа (Мат. 5:37). Орынды болса, үй иесінен сымтетік нөмірін сұрап ал. Бұл да адаммен қайтадан байланысуға көмектеседі.
6 Лайықты адамдарды іздестіріп тауып алу үшін бар ынтамызбен күш жұмсап және оның қызығушылығын әрі қарай дамытатын болсақ, Ехобаның батасына ие бола аламыз (Нақ. с. 21:5).