Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.03. 1-б.
  • ‘Жарық жұлдыздай жарқырау’

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Жарық жұлдыздай жарқырау’
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • Жарық жұлдыздай жарқырап жүрген жастар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • “Сендердегі жарық” жарқырап, Ехобаны мадақтасын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • “Сендердегі жарық жарқырап тұрсын”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Сен “игі істерге ынталысың” ба?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 4.03. 1-б.

‘Жарық жұлдыздай жарқырау’

1 Рухани түнек басып, өнегелілік жағынан құлдыраған осы дүниеде шынайы Құдай Ехобаға ғибадат ететін шамамен алты миллион адам дүние жүзі бойынша 234 елде ‘жарық жұлдыздай жарқырауда’ (Філіп. 2:15). Сол себепті елдің назары бізде. Әрқайсысымыз Ехобадан келетін қымбат жарықты қаншалықты шағылыстырып жүрміз? (2 Қор. 3:18)

2 Іс-әрекетіміз: Адамдар біздің іс-әрекетімізді жылдам байқап қояды (1 Пет. 2:12). Бір әйел кісі өзімен бірге жұмыс істейтін Куәгердің мейірімді әрі көмектесуге дайын екенін, әдепсіз сөйлемейтінін және тұрпайы қалжың айтылғанда күлмейтінін байқайды. Өзгелер оның көзінше дөрекі сөздер айтқанда, ол үндемей сабыр сақтап тұра беретін. Бұл ол әйел кісіге қалай әсер етті екен? Ол былай деп есіне алады: “Оның іс-әрекеті маған қатты әсер етіп, Киелі кітап туралы сұрақтар қоя бастадым. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастадым да, кейінірек шомылдыру рәсімінен өттім”. Әрі қарай ол былай дейді: “Мені Ехоба Куәгерлерінің сенімдерін зерттеуге талпындырған оның іс-әрекеті еді”.

3 Билік пен осы дүниелік адамдардың іс-әрекетіне деген көзқарасымыз және таза тіліміздің арқасында өзгелер Ехоба Куәгерлерін Киелі кітаптың жоғарғы нормаларына сай өмір сүретін адамдар деп қарастырады. Мұндай игі істеріміз Ехобаны даңқтап, шынайы ғибадатты өзгелер үшін тартымды етеді.

4 Сөздеріміз: Әрине, өзіміздің сеніміміз туралы айтпасақ, жақсы іс-әрекетімізді көріп жүргендер біздің не себепті өзгелерден ерекше екендігімізді білмес еді. Сол себепті бірге жұмыс істейтін адамдарға немесе сыныптастарыңа Ехоба Куәгері екеніңді айтасың ба? Өзгелермен әңгімелескен кезде, куәлік беруге тырысасың ба? Мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, ‘сендегі ‘нұрға’ адамдарға сәулесін төктіруге’ беліңді бекем будың ба? (Мат. 5:14—16)

5 Жарықты шағылыстырушы ретіндегі тапсырмамызды орындау үшін құрбандыққа баруға дайын болуымыз керек. Жанқиярлық танытар болсақ, өмірді сақтайтын уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне мүмкіндігінше көп атсалысу үшін аса маңызды емес істерден бас тарта аламыз (2 Қор. 12:15).

6 Істеріміз бен сөздеріміз арқылы жарық жұлдыздай жарқырай берелік. Егер олай етер болсақ, өзгелер де бізбен бірге Ехобаны дәріптеуі мүмкін.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу