Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 1.03. 7-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 1.03. 7-б.

Хабарландырулар

◼ Қаңтар айында ұсынылатын әдебиеттер: Кез келген 192 беттік кітап. Ақпан: Қауымда бар 32 беттік брошюралар. Наурыз: “Мәңгілік өмірге алып баратын білім”. Үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ерекше күш жұмсалады. Сәуір: “Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” (ор.) журналдары. Қайта оралып барғанда қызығушылық білдірген адамға журналдар апарып беріп тұру керек. Киелі кітапты зерттеу мақсатымен оларға “Талап етеді” брошюрасын ұсыныңдар.

◼ Ақпан айынан бастап, 2-наурыздан кешіктірмей, аудандық бақылаушы “Түнек басқан дүниеден азат етілу” деп аталатын жаңа баяндама айтады.

◼ Сәрсенбі, 12 сәуір күні, күн батқан соң Еске алу кешін атап өту үшін, қауымдар қажетті шаралар қолдану керек. Баяндаманы ертерек бастауға болатын болғанымен рәміздерді қолдан қолға беруді күн батпай бастамау керек. Жергілікті мекемелерден аумақтарыңда қай уақытта күн бататынын анықтап алыңдар. Бір Патшалық Сарайында бірнеше қауым жиналатын жерлерде, бір немесе одан да көп қауымның кешті өткізуге өзге бір ғимаратты жалдауына болар. Келгендердің барлығы кештің толық пайдасын көру үшін, мүмкін болған жерде бағдарламалардың арасындағы үзіліс кемінде 40 минут болуына кеңес береміз. Сондай-ақ келушілерді тасымалдау, оларды көліктен түсіріп-мінгізу және көлік тұрағы жағын да қарастыру керек. Ақсақалдар кеңесі жергілікті жағдайда қандай шараларды қолданған дұрыс болатынын шешулері керек.

◼ “Біздің Патшалық қызметіміздің” осы нөмірінен бастап жаңа әдебиеттер туралы хабарландыру басылмайтын болады. Бұл мәлімет “Барлық қауымдарға арналған хабарландыруға” жазылып, ай сайын қауымдарға жіберілетін болады. Ескерту ретінде: “Барлық қауымдарға арналған хабарландыру” келген соң, келесі қызмет кездесуінде қауымдағыларға қызықты болатын әдебиеттер хабарлануға тиіс. Содан соң “хабарландыруды” хабарландыру тақтасына іліп қоюға болады. Соңында оны әдебиетке жауапты бауырласымыз өзіндегі құжаттарға қосып қоюы керек.

◼ “Біздің Патшалық қызметіміздің” осы нөмірінде “Киелі Жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған әрі пайдалы” кітабынан алынған мәлімет жазылған. 2003 жылға бекітілген Теократиялық қызмет мектебінің бағдарламасындағы кейбір тапсырмалар осы мәліметке негізделетін болады. Сол себепті бұл қосымшаны сақтап қою қажет.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу