Ізашарлық қызмет — ‘дәмін татып Тәңірдің ізгі екеніне көз жеткізудің’ жолы
1 “Ізашарлық қызмет сыйлайтын шын жүректен шыққан қуаныш — қызмет етіп көрген соң ғана сезініп, бағалайтын нәрсе”. Ұзақ уақыт ізашар болып жүргендердің басым көпшілігі солай деп айта алады. Бұл толық уақыт қызмет етіп жүрген адал бауырластарымыз ізашарлық қызметтері жөнінде неге бұлай деп айта алады? Олар ‘дәмін татып, Тәңірдің ізгі екеніне көз жеткізген’ (Заб. 34:8; 1 Пет. 2:3 ).
2 Кім ізашар бола алады? Ізашарлар міндетті түрде денсаулығы мықты, күші тасыған, шешен, табиғатынан өзгелермен тіл табысқыш және қаржы жағынан жақсы қамтамасыз етілген жағдайы ерекше адамдар емес. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1983 жылғы шілде айындағы санында одан әлдеқайда маңызды нәрсе жөнінде айтылған болатын: “Айналып келгенде... адамдар өздері қалағандықтан ізашар болады” (Мат. 17:20). Мәселе адамның ізашарлық рух танытуында.
3 “Ізашарлық рух” дегеніміз не? Ол дегеніміз — уағыз айту және шәкірттер дайындауға байланысты тапсырмаға деген дұрыс көзқарас. Ізашарлық рухы барлар сүйіспеншілікпен өздерін өзгелерге көмектесуге жұмсап, жанқиярлық танытады. Олар Исаның үлгісіне еліктегеннен шынайы қуанышқа бөленеді және материалдық заттардан гөрі рухани нәрселерден әлдеқайда көп қанағат алады. Мұндай рухы бар адамдар жағдайлары мүмкіндік берген сәтте толық уақытты қызметке кіріседі.
4 Төрт қадам. Мүмкіндіктеріңді қарастыр: Арагідік ізашар бола алатын-алмайтынымызды шыншылдықпен және дұға арқылы қарастырып тұрғанымыз жақсы болар еді. Қазіргі уақытта бұл мүмкін емес болса, келесі қадамды жаса: Болашақта болуға дайындал. Ол дегеніміз өмірімізді жеңілдетуді, қажет емес істерден бас тартуды және қолдану мен күтімге көп уақыт кететін, шын мәнінде аса қажет емес заттардан арылуды білдіреді (Мат. 19:12, 21, 27, 29; “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1998 жылғы шілде айындағы нөмірінің қосымшасы). Қолайлы мүмкіндікті пайдалан: Шын мәнінде ізашар болуыңа кедергі болатын күрделі нәрсе жоқ екенін білсең, кідіртпе (Ел. іс. 8:36, 38). Алдымен қосалқы ізашар ретінде қызмет етіп байқап көр.
5 Ізашарлық қызметтің баталары ‘Ехобаның ізгі екенін’ көрсетеді. Тоғыз жылдан астам уақыт ізашар болған жас әйел бауырласымыз былай дейді: “Ехобаға жақындай түсіп, ол сені қолыңнан жетелеп жүргендей сезінесің... Ізашарлық қызметтен басқа не нәрсенің арқасында осындай қуанышқа, рухани қанағат сезіміне бөленіп, осындай баталарға ие бола алар едім?” (Заб. 72:23). Жеті жылдан астам уақыт ізашар ретінде қызмет еткен ерлі-зайыптылар былай дейді: “Біздің жасымыздағы және жағдайымыздағы ерлі-зайыптылар өзге не істеуі керек? Аумағымызда жиі біз сияқты адамдардың тек толып, қартайып, икемсіз күй кешіп, үйде қолдарын жылы суға малып отырғандарын көреміз. Қызметіміздің арқасында ақыл-ой жағынан да, тәндік жағынан да қабілетімізді сақтап отырмыз. Біз әрқашан біргеміз. Көп күлеміз және қуанышты өмір кешудеміз”. Иә, дұрыс ниетпен қызмет етіп, өзгелерге көмектесуді және өздері де рухани жетістіктерге жетіп отыруды қалайтын адамдар үшін, ізашарлық қызметтің берер батасы көптеп саналады (Нақ. с. 11:25).