Хабарландырулар
◼ Желтоқсан айында ұсынылатын әдебиет: “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым”. Қаңтар: 192-беттік кітаптардың барлығын ұсынуға болады. Ақпан: Қауымда бар 32-беттік брошюралар. Наурыз: “Мәңгілік өмірге алып баратын білім”. Үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ерекше күш жұмсалады.
◼ Әр қауымның негізгі тіліндегі 2003 жылғы “Еске алу кешіне” шақыру қағаздары жақында сендердің қауымдарыңа да жіберіледі.
◼ 2004 жылғы “Еске алу кеші” 4 сәуірде, жексенбі күні, күн батқан соң болатынына көңіл аударуларыңды өтінеміз. Бұны бауырластар қажетті дайындықтарды атқара алулары үшін немесе бір Патшалық Сарайын бірнеше қауым қолданатын болса, өзге орын тауып қоюлары үшін алдын ала хабарлап отырмыз. Ақсақалдар “Еске алу кешінің” тыныштықта және ұйымдасқан түрде өтуіне жалданған ғимаратта болатын өзге іс-әрекеттер кедергі болмау үшін ғимараттың әкімшілігімен келісулері қажет. Оқиғаның маңыздылығына байланысты “Еске алу кешіне” баяндамашыны таңдаған кезде, ақсақалдар кеңесі жыл сайын бір бауырласты тағайындағанның орнына, қабілетті ақсақалдардың басқа бірін таңдауы керек. Қабілетті майланған ақсақал болса, соны таңдау қажет.
◼ 6 қаңтардан басталатын аптадағы қызмет кездесуіне келген шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылардың барлығы медициналық құжат немесе балалары үшін куәлік алуларына болады.
◼ 2003 жылдың қаңтар айынан бастап, аудандық бақылаушы келген кезде, теократиялық қызмет мектебі кездесуінің бағдарламасына өзгеріс енгізілетін болады. Алғашқы ән мен дұғадан соң, мектеп шамамен 25 минутқа созылады. 15 минут тәлім беруге арналған баяндама болады, содан соң 10 минут Киелі кітаптың көңіл аударарлық тұстарына көңіл бөлінеді. №2, 3 және 4-тапсырмалар орындалмайды. Мектептен соң ән айтылып, бір жарым сағат аудандық бақылаушының қатысуымен қызмет кездесуі өтеді. Одан кейін соңғы ән шырқалып, дұға айтылады.
◼ Жаңа әдебиеттер:
Теократиялық қызмет мектебінде білім алу — болгар, тамиль
2001 жылғы КМ басылымдарының индексі (dx01, №6801-құрал) — ағылшын
1996—2000 жылғы КМ басылымдарының индексі (dx96-00, №5800-құрал) — венгр
Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер — ефик, македон, мальта, санго, суахили, түрік, тив, тви
1980—2000 жылдардағы КМ басылымдарында келтірілген жазбалардың индексі — румын
Ехобаға жақындаңдар — түрік
◼ Жаңа бейнефильм:
Ехоба Куәгерлері... — латыш