“Құдайды даңқтаңдар” деп аталатын Ехоба Куәгерлерінің 2003 жылғы облыстық конгресі
1 Ехоба өзінің адал пайғамбары Ишая арқылы: “Ей, халқым Исраил, Маған көңіл аударып, құлақ салыңдар!” — деп бұйырған (Ишая 51:4). Барған сайын қиындап бара жатқан соңғы күндері, Ехобаның бұйрықтарына көңіл қойғанның маңыздылығы бұрынғыдан да арта түскендігімен келісесіңдер ғой? Ехобаның бұйрықтарына ‘құлақ салудың’ бір жолы — бірге ғибадат ету үшін бас қосыңдар деген бұйрығына мойынсұну. Біз жыл сайын өтетін облыстық конгрестерді қалайша асыға күтеміз десеңші! Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесі 2003 жылы да біздің аумағымызда көптеген облыстық конгрестер өткізуді жоспарлап отыр.
2 “Күзет мұнарасы” (ор.) журналының 2002 жылғы 1 шілдедегі санында ескерілгендей, кейбір қалаларда дүниенің бұрыш-бұрышынан келген делегаттар қатысатан халықаралық конгрестер де болып өтеді. Халықаралық конгрестер санаулы ғана қалаларда болатындықтан, оларға баратындарды (жергілікті) қауым тағайындайды. Сөйтсе де облыстық конгрестердің барлығында да халықаралық конгрестің рухы болады. Көп жерлердегі конгрестерге миссионерлер қатысып, олардың тәжірибелерімен бөліскенін естуге мүмкіндік туады. Жазғы конгрестер біз үшін барынша пайдалы болу үшін, қалай қазірден бастап дайындала аламыз?
3 Барлық күндері қатысу: Адал да саналы қызметші табы даярлаған тәлімнің барынша пайдасын көру үшін, конгрестің бағдарламасына толық қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін істегіміз келеді (Мат. 24:45). Конгреске толық үш күн бойы қатысу үшін, жұмыс берушіңнен сұрануың керек пе? Нехемия Артақсерікс патшадан Иерусалимге барып, қабырғаларын қалпына келтіруді сұрар алдында ‘көктегі Құдайға дұға еткен’ (Нех. 2:4). Сен де конгресс бағдарламасына толық қатысу үшін, жұмыс берушіңнен үш күн жұмыстан босатуын сұрауға батылдық беруін өтініп, Ехобаға дұға етуіңе болады. Ал егер оның жібергісі келмесе ше? Бәлкім, конгрестерден алатын тәлімнің бізге адал, ынталы әрі сенім артуға тұрарлық жұмысшы болуымызға көмектесетінін түсіндіргеніміз оның жұмсақтау болуына ықпалын тигізетін болар. Сонымен қатар отбасы мүшелері Куәгер болмаса, конгреске баруды жоспарлап жүргенімізді оларға мүмкіндігінше ертерек айтқанымыз — сүйіспеншіліктің белгісі болады.
4 Тұратын орын табу үшін “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімін” қолдан: Жергілікті пәтер бөлімі соңғы бірнеше айды конгреске келетін бауырластарға тұратын жерлер даярлауға жұмсады. Сендердің қауымдарың жақында “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімін” алып, бұл тізім хабарландырулар тақтасына ілінеді. Сол аптадағы қауым кездесуінде оқылғаннан кейін ғана Кітап оқу тобының бақылаушылары өз топтарына арнап оның көшірмесін жасап алуларына болады. Алайда, тіпті солай болған күннің өзінде “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімін” жеке жариялаушылар өздеріне жасап алмағандары дұрыс.
5 Бөлмеге төртінші беттегі мәліметке сай тапсырыс бергендеріңе көз жеткізіңдер. Қаржы жағынан мүмкіндіктері шектеулі жариялаушылар үшін, пәтер бөлімі жатақханалар мен өзге де тұруға болатын ғимараттарда арзан бағаға тұруға келісім жасауда. Мұндай ғимараттар арзанға түседі, бірақ ол жерлерде әдетте ыңғайлы, жақсы дем алуға болатын жағдай болмайды.
6 Осыған байланысты көптеген отбасылары мен жеке жариялаушылар конгресс кезінде қонақ үйден орын алуға ай сайын ақша бөліп отырады. Осылайша олар қонақ үйден орын алып, конгрестің әр күнінен соң жақсы тыныға алады. Көп жағдайда бағдарламаны бойымызға жақсы сіңіріп, бауырластармен әңгімелескеннен жігер ала білуімізге тұрған жеріміздің ыңғайлылығының үлкен әсері бар.
7 Пәтер бөлімі өтініштеріңде жазылған қажеттіліктеріңе сай болатын орын табуға тырысады және осыған байланысты сүйіспеншілікпен бауырластардың тұруы үшін өз пәтерлерін ұсынатын бауырластардың көмегі зор. Егер сендер конгресс өтетін қалада тұратындықтан, пәтерлеріңде делегаттар үшін орын ұсынуды жоспарлап отырсаңдар, қауым хатшысы беретін “пәтерлер” (АО-4) бланкісіне көрпе-төсек, тағам сияқты маңызды ұсақ-түйектердің бар-жоғын толық жазуға тырысыңдар.
8 Ерекше мұқтаждарға көмектесу: Қауымдарыңда конгреске бару үшін көмекке мұқтаждар бар ма? Егде, мүгедек бауырластарымызға немесе толық уақытты жариялаушыларға, әрине, ең алдымен мәсіхші туыстары көмектеседі. Сөйтсе де олардың жағдайын білетін ақсақалдар мен өзге де бауырластар сүйіспеншілікке толы көмек көрсетулеріне болады.
9 Қауымның қызмет комитеті ұсынылған “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкілерінің барлығын қарастырып шығады. Сондағы мәліметке сай қызмет комитеті ерекше мұқтаждарды расында да көмекке зәру ме, жоқ па анықтайды. Мұндай көмек тек өздерін жақсы жариялаушы ретінде танытқандар мен тәрбиелі балалары бар жариялаушыларға ғана көрсетіледі. Ерекше мұқтаждарға қатысты пәтер бөлімінде сұрақ туса, қауым хатшысымен хабарласады.
10 Өзге конгреске қатысу: Жергілікті емес, өзге конгреске қатысуды талап ететіндей жағдай болып қалып, қонақ үйден бөлме керек болса, өз қауымдарыңның хатшысына жолыққандарың дұрыс. Ол “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкісінің артында жазылған конгрестерді ұйымдастыру бюроларының мекен-жайларын береді. Өтініштеріңді тиісті мекен-жайға жіберіңдер. Өз мекен-жайларың мен марка жапсырылған бос хатқалта салуды да ұмытпаңдар. Өздерің баратын қалада бірнеше конгресс болатын болса, қатысқыларың келетін конгрестің нақты болатын күнін көрсетіңдер. Сол қаладағы пәтер бөлімі сендерге нұсқалған конгреске қатысты “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімін” жібереді.
11 Біз бүкіл әлемнің көз алдындамыз: Адамдар Ехоба Куәгерлерімен осы дүниеліктердің арасындағы айырмашылықты байқай ма? Әрине! Бір қаладағы қонақ үйінің әкімшілігінің сөздеріне көңіл бөлейікші: “Біз үнемі келісім шарттар жасасып отырамыз, бірақ сендер қызметтесуге анағұрлым бейім әрі мейірімдісіңдер”. “Өткен аптада біз өзге бір діни топты қабылдадық. Олар мен сендердің араларыңдағы айырмашылық қатты байқалады”. “Біз сендердің әрқашан көмектесуге, сондай-ақ қызметтес болуға даяр екендеріңді білеміз”. Осындай лебіздер ‘көктен келген даналықтың’ жақсы жағынан әсер ететінін бағалауымызға көмектеседі емес пе? (Жақ. 3:17). Осы ‘бүкіл әлемге... көрініс болып’ отырған уақытта, әрқашан жүріс-тұрысымызбен Құдайымыз Ехобаның құдіреттілігі мен ұлылығын паш ете берейік (1 Қор. 4:9).
12 Осы ”дүниенің қазіргі қалпы” ауысып жатқан уақытта, біз рухани нәрселерді көзден таса етіп алмау үшін, облыстық конгрестердің көмегін қажет етеміз (1 Қор. 7:31). Конгрестің бағдарламасын толық тыңдау күш салуды талап етеді, бірақ, бұл — соған тұрарлық нәрсе. Биылғы “Құдайды даңқтаңдар” деп аталатын облыстық конгресс Шайтанның дүниесіне Ехобаның төрелік ететін күнін күтіп отырғанда, біздің берік болуымызға көмектесу мақсатымен дайындалған. Ехобаның бізге даярлаған тәлімін қабыл алуымызға ештеңе кедергі болмағай (Иш. 51:4, 5).
[3-беттегі қоршау]
Бағдарлама кестесі
Жұма және сенбі
9:30—17:00.
Жексенбі
9:30—16:05.
[4-беттегі қоршау]
Қонақ үйден қалай орын даярлау керек
1. “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімінде” көрсетілген нөмірлерді қолданып, қонақ үйге жұмыс уақытында мүмкіндігінше ертерек телефон шалыңдар.
2. Қонақ үй әкімшілігіне Ехоба Куәгерлерінің конгресіне қатысатындарыңды айтыңдар.
3. Қонақ үйге қай күні келіп, қай күні кететіндеріңді айтыңдар.
4. Қонақ үй бөлмелерді “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімінде” көрсетілген бағамен беріп жатқанына көз жеткізіңдер. Одан жоғары бағаға келіспеңдер.
5. Бір қонақ үйден бөлме таба алмасаңдар, тізімде көрсетілген өзге қонақ үйге телефон шалыңдар.
Өтініш:
◼ “Ұсынылатын тұратын жерлер тізіміндегі” қонақ үйлерге ғана тоқтаңдар
◼ Өздеріңе қажет орынға ғана тапсырыс беріңдер.
◼ Алғашқы берген тапсырыстарыңды өзгертпеңдер.
◼ Барлық шығынды өздерің көтерулерің керек екенін ұмытпаңдар.
◼ “Ұсынылатын тұратын жерлер тізіміндегі” орындардың бағасына көңіл қойыңдар.
Ерекше мұқтаждарға тапсырыс беру
1. Жай хат, телефон арқылы немесе сол сияқты басқа да жолдармен тапсырыс бермеңдер.
2. “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкісін мұқият толтырыңдар.
3. Тапсырыстарыңды қауымда “Ұсынылатын тұратын жерлер тізімі” келгендігі жөніндегі хабарландыру айтылысымен толтырыңдар.
4. Өздерің таңдап алған үй-жайдың егесінің айтқанын орындауға, орнатылған тәртіпті ұстанып, тазалықты сақтауға т. б. дайын болыңдар.