Әлемдегі ірі діндердің көбісінде адамдар өлмес жанға сенеді
НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӨМІР МЕН ӨЛІМ — ӨМІРШЕҢ ТАҚЫРЫП
Көпшіліктің көкейіндегі сауал
АДАМДАРДЫҢ өмір мен өлімге қатысты наным-сенімдері әртүрлі. Біреулері өлгеннен кейін басқа денеге ауысып, мүлдем басқа жерде әрі қарай өмір сүре береміз дейді. Өзгелері басқа жаратылыс болып қайта туыламыз десе, тағы біреулері өліммен бәрі бітеді деп ойлайды.
Алған тәрбиеңізге, өскен ортаңызға байланысты сіздің де бұл жайтқа қатысты өз пікіріңіз бар шығар. Не керек, өлген соң адаммен не болатыны жайында ілімдер сан алуан. Ендеше осы мәселенің түйінін шешетін сенімді тұлға немесе сенімді мәлімет көзі бар ма?
Ғасырлар бойы діни жетекшілер адамның ешқашан өлмейтін жаны бар деп үйретіп келеді. Христиан, индуизм, иудаизм, ислам сияқты ірі діндердің көбісі адам өлген соң, оның мәңгі жасайтын жаны рухани әлемде өмір сүре береді деп үйретеді. Буддизмді ұстанатындар болса, адам мың сан рет қайта туылып, соңында нирванаға, яғни адам шексіз рақатқа бөленетін күйге жетеміз деп сенеді.
Осындай ілімдерді арқау еткен дүниежүзіндегі миллиардтаған адам өлімге басқа дүниедегі өмірге жол ашатын есік деп қарайды. Олар үшін өлім — өмір айналымының маңызды кезеңі, Құдайдың ойластырған шарасы. Ал Құдай Киелі кітапта бұл жайында не дейді? Келесі мақалада берілген жауап сізді таңғалдыруы мүмкін.