Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp16 № 3 9-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол жақсы әке болды
    Сенімін серік еткендер
  • Оқырман сауалдары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • “Мен Құдай емеспін ғой!”
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Бір түс көрдім, тыңдаңыздаршы”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
wp16 № 3 9-б.

Сіз білгенсіз бе?

Жүсіптің әкесі кім болған?

Жүсіп Исаны ағаш бұйымдарын жасауға үйретіп жатыр

Назарет қаласындағы ағаш ұстасы Жүсіп Иса пайғамбардың өгей әкесі болған. Ал Жүсіптің әкесі кім болған? Матай жазған ізгі хабарда оның әкесі Жақып делінсе, Лұқа өз кітабында Жүсіпті “Елінің ұлы” деп атаған. Бұл мәліметтер бір-біріне қайшы келе ме? (Лұқа 3:23; Матай 1:16).

Матайдың мәлімдемесіне сай, “Жақыптан Жүсіп туылған”. Бұл жерде қолданылған түпнұсқадағы грек сөздерінен Жүсіптің туған әкесі Жақып болғаны анық көрінеді. Сонымен Матай Жүсіптің Дәуіт патшаның ұрпағынан шыққанын көрсететін шежіресін келтірген. Осылайша ол Жүсіптің өгей ұлы Исаның патша тағына отыруға заңды құқығы бар екеніне нұсқаған.

Киелі кітаптың басқа жерінде Лұқа деген жазушы “Жүсіп Елінің ұлы” деп жазған. Киелі жазбалардағы пәленшенің “ұлы” деген сөзді оның “күйеу баласы” деп те түсінуге болады. Мысалы, Лұқа 3:27-дегі жазбада Салател “Нерейдің ұлы” деп аталған, ал негізінде оның әкесі Ехония болған (Шежірелер 1-жазба 3:17; Матай 1:12). Соған қарағанда, Салател Нерейдің қызына үйленген болса керек. Осылайша ол күйеу баласы ретінде оның “ұлы” деп аталды. Жүсіп те Елінің қызы Мәриямға үйленгендіктен оның “ұлы” болды. Демек, Лұқа адам ретінде туылған Исаның туған анасы Мәриямның шежіресін атап өткен (Римдіктерге 1:3). Сонымен Киелі жазбалардан Исаның шығу тегіне байланысты бұлтартпас екі шежіресін таба аламыз.

Киелі кітап жазылып жатқан заманда қандай маталар болған және оларды қалай бояған?

Өлі теңізден табылған түрлі түске боялған жүн мата (б. з. 135 жылына дейін).

Өлі теңіздің маңындағы үңгірден табылған түрлі түске боялған жүн мата (шамамен б. з. 135 жылына дейін).

Ежелгі Таяу Шығыста қойдың, ешкі мен түйенің жүні тоқымада кең қолданылған. Сондықтан қой бағу, қой қырқу мен олардың жүнінен жасалған киімдер жайлы деректер Киелі кітапта баршылық (Самуилдің 1-жазбасы 25:2; Патшалар 2-жазба 3:4; Әйүп 31:20). Мысыр мен Исраил жерінде зығыр да өсетін (Мұсаның 1-жазбасы 41:42; Ешуа 2:6). Ежелгі исраилдіктер мақта өсірмегенге ұқсайды, бірақ Киелі жазбаларда Персия жерінде мақта болғаны жайлы сөз етілген (Естер 1:6). Ал жібек матаның құны өте қымбат болған. Бәлкім, оны тек сонау Қиыр Шығыс саудагерлері ғана әкелгендіктен болар (Аян 18:11, 12).

Бір кітапта: “Жүннің қардай аппақ түстен қою қоңыр түске дейін әртүрлі табиғи өңі болған”,— деп айтылған (“Иса және оның әлемі”). Бірақ жиі оларға жасанды жолмен де түс беретін. Ең қымбат деп есептелген күлгін түсті бояу алу үшін, ұлудың белгілі бір түрлері қолданылатын. Ал сары, қызыл, көк және қара сияқты түстерді түрлі өсімдіктерді, өсімдік тамырлары мен жапырақтарды, сондай-ақ жәндіктерді қолдану арқылы шығаратын.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу