Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.7. 3-б.
  • Сарыуайым басқан заман

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сарыуайым басқан заман
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Өмірімізді уайымдау
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қалай уайымға салынбауға болады?
    Жастардың сауалдары
  • Бар уайымыңызды Ехобаға артыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Отбасын уайымдау
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.7. 3-б.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | САРЫУАЙЫМҒА САЛЫНБАУ МҮМКІН БЕ?

Сарыуайым басқан заман

“Азық-түлік алуға барсам, дүкенде тек печенье бар екен. Бірақ ол өз бағасынан 10 000 есе қымбаттап кетіпті! Ал келесі күні дүкендерде жейтін ештеңе қалмады” (Пол, Зимбабве).

“Бір күні күйеуім бізді тастап кететінін айтты. Оның осы сатқындығын қалай көтеремін? Балаларыммен не болмақ?” (Жанет, Құрама Штаттар).

“Дабыл қағылғанда, жасырынатын жерге жүгіріп барып, еденге жата қалдым. Жан-жақта зымырандар атылып жатты. Сосын бірнеше сағат бойы қолым дірілдеп тұрды” (Алона, Израиль).

Соғыс, кедейлік, індет пен басқа да өмірдің қиындықтарын уайымдап отырған кісі

Біз уайымға толы “ерекше қиын уақытта” өмір сүрудеміз (Тімөтеге 2-хат 3:1). Бүгінде қаржы дағдарысынан, отбасының ойран болуынан, соғыстан, қатерлі індеттердің таралуынан және табиғи не адам қолымен жасалған апаттардан көп адам қасірет шегуде. Бұған қоса, әр адамның бас-басына өз уайымы жетерлік. Мысалы, кейбірін “Денемде пайда болған ісік қатерлі емес пе?”, “Немерелерім өмір сүретін заман қандай болады?” деген ойлар мазалайды.

Алайда орынды уайым түрі де бар. Мәселен, тест тапсырарда, сахнаға шығарда не жұмысқа тұру үшін сұхбат бергенде, қобалжитынымыз түсінікті-ақ. Ал қауіпті жағдайлар алдындағы орынды қорқыныш зардап шегуден сақтайды. Бірақ “Уайым түбі — жез қайық, батасың да кетесің” демекші, үнемі және шектен тыс уайымға салыну адамды күйретеді. 68 000-нан аса адам қатысқан зерттеуге сай, тіпті кішкене уайымның өзі мерзімінен бұрын өліп кету қаупін арттырады. Иса пайғамбар: “Уайымдаумен қайсысың өміріңді бір сәтке болсын ұзарта аласың?”— деп текке айтпаған. Иә, уайым қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырымызды қысқартпаса, еш ұзартпайтыны анық. Сондықтан Иса: “Уайымдауды қойыңдар!”— деп кеңес берген (Матай 6:25, 27). Бұны қалай орындай аламыз?

Бұл үшін даналықпен әрекет етуіміз, Құдайға шынайы сенім танытуымыз және жарқын болашаққа үміттенуіміз керек. Бәлкім, тынышымызды алатын жағдайлармен дәл қазір кезігіп жүрген жоқ шығармыз. Бірақ ертелі-кеш уайымға батыратын жағдайларға ұшырауымыз әбден мүмкін. Олай болса, жоғарыда сөздері келтірілген Пол, Жанет пен Алонаға бұл кеңестердің сарыуайымға салынбауға қалай көмектескенін көрелік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу