Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 15.4. 32-б.
  • Кесілген ағаш қайта көктей ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кесілген ағаш қайта көктей ме?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Әйүп қайта тірілуге сенді
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • О, неткен мол Құдайдың даналығы!
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 15.4. 32-б.
Кесілген ағаш қайта көктейді

Кесілген ағаш қайта көктей ме?

ЗӘУЛІМ Ливан қарағайымен салыстырғанда діңі ирелеңдеген, бұтақтары тұтасып қалған зәйтүн ағашы тартымсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ зәйтүн ағашының ауа райының қолайсыздығына төтеп бере алатын керемет қабілеті бар. Олардың кейбірі 1000 жылға дейін өмір сүреді. Тамыры кеңінен жайылатындықтан зәйтүн ағашы діңі қурап қалса да, қайта бой көтере алады. Тамыры аман болса, ағаш қайта көктей береді.

Ертеде ғұмыр кешкен Әйүп көз жұмса да, қайта өмір сүретініне сенімді болған (Әйүп 14:13—15). Қайта тірілту Құдайдың қолынан келетінін көрсету үшін ол ағашты, бәлкім зәйтүн ағашын болса керек, мысалға келтірген. Әйүп: “Тіпті ағаштың да үміті бар ғой: кесіп тастасаң, ол қайта көктейді”,— деді. Қуаңшылықтан кейін жаңбыр жауғанда, діңі қураған зәйтүн ағашының тамырынан өскін пайда болып, жаңа бұталар көктеп шығады (Әйүп 14:7—9).

Бағбан зәйтүн ағашының қайта өскенін күтеді. Ехоба да өзінің аяулы қызметшілерін, сондай-ақ көптеген басқа адамдарды қайта тірілтетін кезді аңсап күтеді (Мат. 22:31, 32; Жох. 5:28, 29; Ел. іс. 24:15). Өмірден өткендерді қарсы алып, олардың қайта өмір сүріп жатқанын көру неткен ғанибет!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу