Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.3. 12-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Халықтарды Ехоба туралы білім алуға дайындау
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жақыптың Харанға сапар шегуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.3. 12-б.

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Рим азаматы ретінде елші Пауыл қандай артықшылыққа ие болған?

Пауыл императордың сотын талап етіп жатыр

Пауыл: “Императордың сотын талап етемін!”— деген

Империяның қай жерінде жүрсе де, Рим азаматына белгілі бір артықшылықтар мен құқықтар берілетін. Ол өзі тұратын қаланың заңдарына емес, Римнің заңына бағынышты еді. Қандай да бір айып тағылған жағдайда Рим азаматы жергілікті заң бойынша тергелуге келісімін бере алатын, бірақ оның Рим сотына жүгінуге де құқы бар еді. Ал өлімге кесілсе, императордың өзіне шағым бере алатын.

Сол себепті де б. з. б. І ғасырда өмір сүрген Рим саясаткері Цицерон былай деген: “Рим азаматының қол-аяғын бұғаулау — нағыз қылмыс, оны сабау — барып тұрған оңбағандық. Ал оны өлім жазасына кесу ата-анаңды не жақын туысыңды өлтірумен бірдей”.

Елші Пауыл бүкіл Рим империясын аралап, Құдай сөзін уағыздаған. Киелі кітаптан білетініміздей, ол үш жағдайда Рим азаматы ретінде берілген құқығын алға тартқан. Бірінші жағдайда Філіпі қаласының жергілікті басшыларына дүре соқтырғандары үшін наразылық білдіріп, азаматтық құқығын таптағандарын айтты. Тағы бірде Иерусалимде жүрген кезінде өзінің Рим азаматы екенін айтып, заңсыз сабалуына жол бермеді. Ал үшінші жағдайда Рим императорының сотын талап етіп, ісін соның алдында қарастырылғанын қалаған (Елшілердің істері 16:37—39; 22:25—28; 25:10—12).

Ежелде бақташыларға еңбекақы қалай төленетін?

Қой мен ешкіні сатып алуға қатысты ежелгі келісімшарт

Қой мен ешкіні сатып алуға қатысты сына жазуымен жазылған келісімшарт, шамамен б.з.б 2050 жыл

Рубасы Жақып Лабан деген нағашы ағасының малын 20 жыл баққан. Лабанның екі қызын әйелдікке алған ол соның ақысы ретінде 14 жыл тегін еңбек етті. Ал қалған 6 жылғы еңбегінің ақысы ретінде Лабан оған мал берді (Мұсаның 1-жазбасы 30:25—33). “Киелі кітапқа археологиялық шолу” деп аталатын журналда былай делінген: “Лабан мен Жақыптың арасындағы келісім сияқты мал бағуға қатысты келісімдер ежелгі замандағы Киелі кітап жазушылары мен оның оқырмандарына жақсы таныс болған”.

Бүгінгі Ирактың аумағында орналасқан ежелгі Нузи мен Ларса деген қалаларда және тағы басқаларында табылған көне келісімшарттар осының бір мысалы бола алады. Әдетте келісімшарт қой қырқатын маусымнан келесі маусымға дейін күшінде болатын. Малшының мойнына жасы мен жынысына қарай тізімі жасалған малды бағу жауапкершілігі жүктелетін. Бір жыл өткен соң, ол қожайынға қырқылған жүнді, сүт өнімдерін, жас төлді және тағы сол сияқтыларды келісімшартта белгіленген мөлшеріне сай етіп беретін. Ал одан артылғаны бақташының еншісіне тиетін.

Мал басының көбеюі бақташының қарамағына берілген ұрғашы тоқтылардың санына байланысты еді. 100 ұрғашы тоқтыдан әдетте 80 қозы алуға болатын. Қойдың саны күтілгеннен аз болып шықса не кейбірі жоғалса, шопан шығынды өзі өтеуге міндетті еді. Осы жайт шопанға қарамағындағы малға дұрыс қарауға қозғау салатын.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу