Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 15.4. 32-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Діни қызметкерлердің киімінен үйренеріміз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 15.4. 32-б.
Жосия патша киімінің өңірін жыртып жатыр

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Ертеде адам өз киімінің өңірін не үшін әдейі жыртқан?

КИЕЛІ КІТАПТА өз киімдерінің өңірін жыртқан кейбір адамдар жайлы бірсыпыра оқиға жазылған. Бүгінгі заманда өмір сүріп жатқан адамға мұндай әрекет жат болып көрінетін шығар. Алайда ежелде яһудилер шарасыз күйде болғанда, қайғырғанда, масқара болғанда, ашуланғанда не біреуді жоқтағанда күйініштерін осылай білдірген.

Осының бірнеше мысалына көңіл қояйық. Рубен інісі Жүсіптің құлдыққа сатылып кеткенін білгенде, оны құтқара алмағанына қатты қынжылып, “көйлегінің өңірін айыра жыртқан”. Ұлын жыртқыш аңдар талап өлтірді деп ойлаған әкелері Жақып та “көйлегінің өңірін айыра жыртқан” (Жар. 37:18—35). Сондай-ақ Әйүп барлық балаларының мерт болғанын естігенде, “шапанының өңірін жыртып”, қатты қайғырған (Әйүп 1:18—20). Шайқастан сытылып шыққан хабаршы бас діни қызметкер Елидің алдына “көйлегінің өңірін айыра жыртқан” күйі келіп, исраилдіктердің ойсырай жеңілгенін, Опни мен Пінехестің қаза тапқанын және келісім сандығының жау қолына түскенін хабарлаған (Пат. 1-ж. 4:12—17). Жосия патша Мұса заңындағы сөздерді естігенде әрі халықтың сондағы нұсқауларды орындамай жүргенін түсінгенде, қатты ашынып, “көйлегінің өңірін айыра жыртқан” (Пат. 4-ж. 22:8—13).

Тергеліп жатқан Исаның сөздерін теріс түсінген бас діни қызметкер Қаяфа: “Мынау Құдайды қорлап тұр!”— деп, киімінің өңірін жыртқан (Мат. 26:59—66). Раббылардың дәстүрі бойынша, Құдай есімінің қорланғанын естіген кез келген адам киімінің өңірін жыртуға міндетті еді. Алайда Иерусалимдегі ғибадатхана қиратылғаннан кейін, раббылардың арасында басқа пікір пайда болды. Осы пікірге сай, “киімі жұлым-жұлым болып кетпес үшін енді Құдай есімінің қорланғанын естіген адамға оны жыртудың қажеті жоқ” еді.

Әрине, киімнің өңірін жыртқан адам шын жүректен қайғырмаса, мұндай әрекеттің Құдайдың көз алдында ешқандай мәні болмас еді. Сондықтан да Ехоба өзінің халқын “киімдерінің өңірін емес, жүректерін жыртып”, өзіне қайта оралуға үндеген (Жоел 2:13 ЖД).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу