КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Иса пайғамбардың өлімінің біз үшін қандай пайдасы бар?
Құдай адамзатты жаратқанда, олар ауру-сырқаусыз, өлім дегеннің не екенін білмей, жер бетінде мәңгі өмір сүрулерін ниет еткен. Бірақ Адам ата Жаратушының тілін алмай, мәңгі өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалды. Күллі адамзат Адам атадан тарағандықтан, өлім бізге де мұра етіп берілді (Римдіктерге 5:8, 12; 6:23). Ехоба Құдай Иса пайғамбарды жерге жібергенде, оны адамзат үшін өлімге қиып, Адам атаның жоғалтқанын қайтаруды мақсат еткен (Жохан 3:16 оқыңыз).
Иса пайғамбар адамзат мәңгілік өмір сүре алу үшін өз өмірін берді. Сіз сондай өмірді қалай елестетесіз?
Исаның өлімінің арқасында біздің күнәларымыздың кешірілуіне және шексіз өмір сүруімізге жол ашылды. Қартаю, ауыру және қайтыс болу сияқты қайғы әкелетін жайттар жоқ болғанда, өміріміз қандай болатыны жайлы Киелі кітап беттерінен біле аласыз (Ишая 25:8; 33:24; Аян 21:4, 5 оқыңыз).
Біз Иса пайғамбардың өлімін қалай еске алуымыз керек?
Өзінің өлетін түні Иса пайғамбар ізбасарларына қарапайым рәсім жасау арқылы оның өлімін еске алып тұру керектігін айтқан. Жыл сайын Иса пайғамбардың өлімін осылайша атап өткеніміз оның және Ехоба Құдайдың адамзатты қаншалықты жақсы көретінін терең сезінуге көмектеседі (Лұқа 22:19, 20; Жоханның 1-хаты 4:9, 10 оқыңыз).
Биыл Иса пайғамбардың өлімін Еске алу кеші сәуірдің 14-інші жұлдызында, дүйсенбіде, күн батқаннан кейін болады. Біз сізді осы кешке шақырамыз. Сіздің аумағыңызда тұратын Ехоба куәгерлерінің бірімен байланыссаңыз болады (Римдіктерге 1:11, 12 оқыңыз).