Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.2. 10-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Исаның ғибадатхананы тазартуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Иса ғибадатхананы тазартты
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Рухани ғибадатханада құлшылық ету мәртебесін бағалайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Ехобаға арналған ғибадатхана
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.2. 10-б.

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Киелі кітап жазылған заманда қандай алоэ қолданылған?

Алоэ Агар ағашынан алынған

Киелі кітапта алоэныңa киімді және төсекті хош иісі ету үшін қолданылғаны айтылған (Забур 44:9; Нақыл сөздер 7:16, 17; Таңдаулы ән 4:14). Бұл алоэ агар ағашынан (аквиларияның түрі) алынған көрінеді. Агар ағашы шіріген кезде хош иісті май мен шайыр бөліп шығарады. Адамдар бұл ағашты ұнтақтап езіп, кейін “алоэ” ретінде сатқан.

Киелі кітапта исраилдіктер тұрған шатырлардың “Ехоба отырғызған алоэ ағаштарындай” екені айтылған (Руларды санау 24:5, 6 ЖД). Бұл жерде ұзындығы 30 метрге дейін жететін және бұтақтары жайқалып өсетін агар ағашының пішіні жайлы айтылған болса керек. Бұл ағаш қазіргі Израиль жерінде өспейді. Бірақ “Киелі кітап сөздігінде” былай делінген: “Осы және басқа да ағаштар бұл аймақта қазір белгілі болмағанмен, олардың сол кездегі бай әрі халқы тығыз орналасқан Иордан алқабында өскеніне күмәндануға негіз жоқ”.

Иерусалимдегі ғибадатханада қандай құрбандықтар жарамды болып есептелген?

Иерусалимдегі ғибадатханадан табылған бұл мөрге 2000 жылдай уақыт болды

Құдай заңына сай, ғибадатханада шалынатын барлық құрбандықтардың сапасы өте жоғары болуы керек-тін. Құдай қандай да бір кемістігі бар құрбандықтарды қабыл алмайтын (Мысырдан шығу 23:19; Леуіліктер 22:21—24). Бірінші ғасырда өмір сүрген Филон есімді яһуди жазушысының айтуынша, сол кездегі діни қызметкерлер жануарларды “басынан аяғына дейін” мұқият тексеріп, олардың барлық жерлері сау әрі “ешқандай кемістігі жоқ” екеніне көз жеткізіп отырған.

Тарихшы Э.П. Сандерстің айтуынша, ғибадатханада “сенімді сатушыларға тек діни қызметкерлер алдын ала тексерген жануарлар мен құстарды ғана сатуға рұқсат еткен көрінеді. Мұндайда сатушы сатып алушыға малдың жарамды екенін растайтын зат беруі керек еді”.

2011 жылы археологтар ғибадатхананың маңайынан осы мақсатта қолданылған мөрді тапты. Саздан жасалған көлемі тиындай ғана бұл мөр б. з. б. І ғасыр мен б. з. 70 жылының аралығымен белгіленді. Онда арамей тілінде “Құдай үшін таза” дегенді білдіретін екі сөз жазылған екен. Ғалымдардың арасында ғибадатхана қызметшілері осындай белгілерді құрбандыққа әкелінген малдар мен рәсім үшін қолданылатын тағамдарға байлаған деген пікір бар.

a Киелі кітапта сөз етілген алоэ бүгінде алоэ вера деген атаумен белгілі өсімдікпен ешқандай байланысы жоқ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу