Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.1. 11-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Исаның ғибадатханадағы соңғы күні
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.1. 11-б.

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Исаның күндерінде ғибадатханада садақа қалай жасалатын?

An Israelite woman making a contribution into a temple treasury chest

Қазына ыдыстары ғибадатханадағы әйелдер ауласында орналасқан болатын. “Садақа салатын он үш жәшік, я болмаса “керней”, ауланы бойлай орналасқан бағаналардың артындағы қабырғаға жақын жерге қойылған еді”,— деп жазылған бір кітапта (“The Temple—Its Ministry and Service”).

Бұл садақа жәшіктерінің жоғарғы жағы жіңішке, ал төменгі жағы жуан болып келгендіктен, олар кернейлер деп аталатын. Әр жәшікке сый-тартудың қай түріне арналғаны белгіленетін болған және ондағы қаржы белгілі бір іске жұмсалатын еді. Иса адамдардың, соның ішінде бейшара жесір әйелдің садақа салып жатқанын бақылап отырғанында, сол әйелдер ауласында болған еді (Лұқа 21:1, 2).

Алғашқы екі садақа жәшігінің бірі ғибадатхананың сол жылғы, ал екіншісі өткен жылғы салығын өтеуге арналған болатын. 3-тен 7-ге дейінгі жәшіктер кептерлердің, көгершіндердің, отынның және алтын ыдыстардың белгіленген құнын салу үшін қолданылатын. Егер адам құрбандықтың белгіленген құнынан көбірек ақша әкелген болса, сол ақшаны келесі жәшіктердің біріне салатын. Мысалы, күнәні өтейтін құрбандықтарды сатып алғаннан қалған ақша 8-інші жәшікке салынатын. Ал айыбын өтеуге келгендер, құрбандыққа құс әкелгендер, назир антын бергендер және алапес ауруынан тазарған адамдар құрбандық сатып алғаннан қалған ақшаларын 9—12 дейінгі жәшіктерге салатын. Ал 13-інші жәшік ерікті садақалар жасау үшін қолданылатын.

Киелі кітап жазушысы Лұқа тарихи жағынан тура мәліметтер жазған ба?

The Bible writer Luke

Лұқа өз атымен аталатын Інжілдің бір кітабын, сондай-ақ Елшілердің істері кітабын жазған болатын. Ол өзі жайлы: “Бәрін басынан бастап мұқият зерттедім”,— деп айтқан, десе де кейбір ғалымдар ол баяндаған оқиғалардың растығына күмән келтірген (Лұқа 1:3). Оның жазғандары қаншалықты тура?

Лұқа көз жеткізуге болатын тарихи деректерді атап кеткен. Мысалы, түпнұсқа тілінде ол Римдік билеушілерге қатысты тура әрі көпшілік біле бермейтін түрлі лауазымдарды қолданған. Бұл лауазымдар бүгінде Філіпідегі жергілікті басшылар, Салоникадағы қала әкімдері және Ефестегі ойын-сауық ұйымдастырушылар деп беріледі (Елшілердің істері 16:20; 17:6; 19:31). Сондай-ақ Лұқа Ирод Антипа және Серги Пауыл есімді кісілердің аймақ әкімі болғанын жазған (Елшілердің істері 13:1, 7).

Лұқаның дұрыс лауазымдарды қолданғаны көңіл қоюға тұрарлық, себебі Рим аймағының статусы өзгергенде, оның билеушілерінің лауазымдары да соған сай өзгеретін болған. “Елшілердің істері кітабындағы мұндай лауазымдардың жер мен уақытқа қатысты дұрыс қолданылғаны қайта-қайта дәлелденіп отыр”,— дейді Брюс Мецгер есімді Киелі кітап зерттеушісі. Ал Уильям Рамзи есімді ғалым Лұқаның “жоғары деңгейдегі тарихшы” болғанын айтқан.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу