Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 15.11. 8—9 бет.
  • Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берейік
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Олардағы молшылық қажеттіліктеріңді қамтамасыз етпек
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның жомарттығына ризашылық білдірейік
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба дайындық рухын танытатындарға батасын төгеді
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайға ‘өзара ниеттес, ынтымақта’ қызмет ету
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 15.11. 8—9 бет.

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берейік

“САЙЛАУ нәтижесіне деген наразылықтан туындаған зорлық-зомбылық мыңдаған Ехоба куәгерлерін үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті”,— дейді дамушы елде тұратын Франсуа есімді ақсақал. “Азық-түлік пен дәрі-дәрмектер тапшы болды, ал бар заттардың бағасы аспандап кетті. Банктер жабылып қалды, ал банкоматтарда я ақша болмайтын я мүлдем істемейтін”,— деп есіне алды ол.

Патшалық сарайын паналаған сол елдегі бауырластарға филиалдағы бауырластар бірден ақшалай көмек пен қажетті нәрселерін жіберді. Қарсыласқан топтар жолды бөгеп қойса да, екі жақ та Ехоба куәгерлерінің бейтараптықты қатаң ұстанатындары жайлы білетін. Сондықтан филиалдың көліктеріне өтуге рұқсат ететін.

“Патшалық сарайдың біріне кетіп бара жатқанда, снайперлер көлігімізге қарай оқ атты. Бірақ оқтары бізге тимеді. Қолында тапаншасы бар сарбаздың біз жаққа жүгіріп келе жатқанын көргенде, көлігімізді тез бұрып, үлкен жылдамдықпен филиалға кері қайттық. Аман қалғанымыз үшін Ехобаға алғысымыз шексіз еді. Келесі күні сол Патшалық сарайындағы 130 бауырлас қауіпсіз жерге орналасты. Кейбіреулері филиалға келді. Елдегі жағдай тынышталғанша біз осы бауырластардың рухани әрі материалдық қажеттіліктерін қамсыздандырдық”,— дейді Франсуа.

Ол сөзін жалғап: “Кейін еліміздің әр жерінде тұратын бауырластар алғыстарын білдіріп, филиалға хаттар жазды. Жан-жақтағы бауырластардың қиын сәтте қол ұшын бергені олардың Ехобаға деген сенімділіктерін нығайтты”,— дейді.

Табиғи немесе қолдан жасалған апаттарға кезіккенде, біз жәрдемге мұқтаж бауырластарға: “Тоңба, қарның да ашпасын”,— деп қана қоймай, олардың тәндік қажеттіліктеріне қам жасауға тырысамыз (Жақ. 2:15, 16). Бірінші ғасырдағы бауырластар да осылай еткен. Олар аштықтың жайлайтынын естігенде, “әрқайсысы өзінің шамасы келгенше Яһудеяда тұратын бауырластарына жәрдем жіберуді шешті” (Ел. іс. 11:28—30).

Ехобаның қызметшісі болғандықтан, біз мұқтаждық көрген жандарға материалдық жағынан көмек көрсетуге даярмыз. Алайда адамдардың рухани қажеттіліктері де бар (Мат. 5:3). Оларға осы қажеттіліктерін түсінуге әрі рухани қадам жасауға көмектесу үшін, Иса ізбасарларына шәкірт дайындауды тапсырған (Мат. 28:19, 20). Осы тапсырманы орындау мақсатында әрқайсысымыз көп уақытымызды, күш-қуатымыз бен қаражатымызды арнаймыз. Ұйымымыз садақаның кейбір бөлігін материалдық көмекке арнағанмен, оның негізгі бөлігі Патшалықтың мүддесін алға жылжытуға және ізгі хабарды таратуға арналады. Осылай ету арқылы біз Құдайға және жақындарымызға деген сүйіспеншілігімізді көрсетеміз (Мат. 22:37—39).

Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік ісіне қолдау көрсететіндер олардың садақалары дұрыс әрі тиімді қолданылып жатқанына сенімді бола алады. Ал сен көмекке мұқтаж бауырластарға қол ұшын бере аласың ба? Шәкірт дайындау ісіне қолдау көрсеткің келе ме? Олай болса, “Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарға, Жақсылық көрсет, соған лайық жандарға” (Нақ. с. 3:27).

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ІСКЕ САДАҚА ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

Елші Пауылдың күндеріндегідей көп адам “Дүниежүзілік іске” ерікті садақа беру үшін қаражатынан белгілі бір соманы “жинап жүреді” (Қор. 1-х. 16:2). Ай сайын қауымдар бұл ерікті садақаларды Ехоба куәгерлерінің жергілікті филиалына жіберіп тұрады. Ерікті садақаны өз аумақтарыңдағы филиалға тікелей жіберуге де болады. Оның мекенжайын www.jw.org веб-сайтынан табуға болады. Мұндай жағдайда садақаның сый екені айтылған қысқаша хат салып жіберу қажет. Қаржылай садақа жасаумен қатар, кейбір елдерде дүниежүзілік істі қолдаудың басқа да мүмкіндіктері бар. Олардың кейбірі төменде келтірілген.

Жылжымайтын мүлік. Сатуға жарамды жылжымайтын мүлікті бірден садақа етуге немесе өмірінің соңына дейін оны қолдану құқымен аманат етуге болады. Жылжымайтын мүлікті садақа ретінде беруге қажетті құжаттарды толтырмас бұрын, филиалмен байланысу керек.

Өсиет. Дүние-мүлікті не ақшаны заңға сай жасалған өсиет арқылы беруге болады. Бұл жағдайда өсиеттің көшірмесін филиалға жіберу қажет.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу