Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.10. 6-б.
  • “Біз Мәсіхті таптық!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Біз Мәсіхті таптық!”
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Олар Мәсіхті күтті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіх — Құдай жіберген құтқарушы!
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.10. 6-б.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТА ҚАНДАЙ ХАБАР ЖАЗЫЛҒАН?

“Біз Мәсіхті таптық!”

Миханың кітабында жазылған Мәсіх жайлы пайғамбарлық шамамен жеті ғасыр өткен соң орындалды: Иса Бетлехем қаласында дүниеге келді. Ал 30 жылдай уақыт өткеннен кейін, б. з. 29 жылы Мәсіхтің келетін уақытына қатысты Даниял пайғамбарлығының бірінші жартысы орындалды. Сол жылы Иса шомылдыру рәсімінен өтті және Құдай оны киелі рухымен майлады. Осылайша көптен бері күткен Мәсіх, яғни Ұрпақ дәл уақытында келді!

Иса бірден қызметін бастап, “Құдай патшалығы туралы ізгі хабарды жариялады” (Лұқа 8:1). Пайғамбарлық етілгендей, Иса мейірімді, жұмсақ және өзгелердің қамын шын жүректен ойлайтын адам болды. Оның тәлімі пайдалы әрі сүйіспеншілікке толы еді, сондай-ақ ол “адамдарды түрлі ауру-сырқаудан сауықтырып”, мұның бәрін Құдайдың күшімен істеп жатқанын көрсетті (Матай 4:23). Исаға ағылып келген әртүрлі жастағы адамдар оның бір шәкіртінің: “Біз Мәсіхті таптық”,— деп айтқан сөздеріне қосылғандары сөзсіз (Жохан 1:41).

Иса пайғамбар Құдай Патшалығы жер бетіне толықтай билік еткенге дейін, дүниеде соғыстар, жер сілкіністері мен басқа да көптеген қиындықтардың болатынын алдын ала айтқан. Сондықтан ол барлық адамдарды “сергек болуға” шақырды (Марқа 13:37).

Иса пайғамбар Құдайға адал болып қалған кемелді адам еді. Бірақ қарсыластары оны өлімге кесті. Исаның өлімі біздің түп ата-анамыз жоғалтқан мәңгі өмір сүру мүмкіндігіне ие болуымыз үшін ұсынылған кемелді құрбандық болды.

Исаның өлімінен үш күн өткен соң, Құдай оны рухани жаратылыс ретінде қайта тірілтті. Осылайша тағы бір пайғамбарлық орындалды. Кейін Иса өзінің 500-ден аса шәкірттеріне көрінді. Көкке көтерілмес бұрын, ол шәкірттеріне өзі туралы және Патшалық жайлы ізгі хабарды “барлық халықтарға” уағыздауды тапсырды (Матай 28:19). Олар бұл тапсырманы қаншалықты кең көлемде орындады?

Матай, Марқа, Лұқа, Жохан кітабына және Қорынттықтарға арналған 1-хатқа негізделген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу