Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 15.4. 32-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 15.4. 32-б.

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Иерусалим ғибадатханасы б. з. 70 жылдан кейін қайта соғылды ма?

ИСА Ехобаның ғибадатханасының бірде-бір тасы қалмай күл-талқан болып қирайтынын алдын ала айтқан болатын (Мат. 24:2). Бұл пайғамбарлық Тит бастаған Рим әскері Иерусалимді б. з. 70 жылы қиратқанда орындалды. Ал кейін император Юлиан ғибадатхананы қайта соғуды жоспарлаған болатын.

Юлиан Римнің соңғы пұтқа табынушы императоры деп аталған. Ұлы Константиннің бауырының баласы болған ол мәсіхшісымақ адамдардан білім алды. Алайда б. з. 361 жылы император болғанда, ол бұл білім мен сол кездегі жолдан тайған мәсіхшіліктен бас тартып, пұтқа табынушылықты қолдады. Сол себепті тарихи кітаптарда ол “жолдан тайған” деп те аталады.

Юлиан мәсіхшілікті жек көрді. Бұған себеп болған нәрселердің бірі — алты жасында мәсіхшісымақтар оның көз алдында әкесі мен туыстарын өлтіргені болса керек. Шіркеу тарихшыларының айтуынша, Юлиан Исаны жалған пайғамбар ретінде көрсеткісі келіп, яһудилерді ғибадатханаларын қайта соғуға талпындырғанa.

Юлианның ғибадатхананы қайта соғуды жоспарлағанына күмән жоқ. Алайда тарихшылар оның бұл істі бастаған-бастамағаны және бастаған болса, не себепті аяқтамағаны туралы әлі күнге шейін дауласуда. Бір білетініміз — билікке келгеніне екі жыл болмай жатып Юлиан өлтіріледі де, оның жоспары аяқсыз қалады.

Ғибадатхананың тұрған жері мен оның Исаның күндеріндегі болжамды суреті

a Иса ғибадатхана ешқашан қайта соғылмайды демеген. Ол оның қирайтыны туралы айтқан. Б. з. 70 жылы солай болды да.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу