НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП: МҰСА ПАЙҒАМБАРДАН НЕ НӘРСЕГЕ ҮЙРЕНЕ АЛАМЫЗ?
Мұса кім болған?
Мұса деген есімді естіген кезде ойыңызға не келеді?
Анасы Ніл өзенінде себетке салып жасырғанда, аман қалған нәресте ме?
Мысырда перғауынның қызы молшылықта өсірсе де, өзінің исраилдік екенін ұмытпаған жігіт пе?
40 жыл бойы Мадиян елінде өмір сүрген қойшы ма?
Жанып тұрған бұтаның алдында Ехоба Құдайменa сөйлескен кісі ме?
Мысыр патшасынан исраилдіктерді құлдықтан босатуын батылдықпен талап еткен адам ба?
Ехобаға мойынсұнудан бас тартқан патшаға Құдайдың Мысырға он апат жіберетінін хабарлаған пайғамбар ма?
Исраилдіктерді Мысыр елінен алып шыққан жетекші ме?
Құдайдың құдіретімен Қызыл теңізді қақ жарған адам ба?
Исраилдіктерге Құдайдың Он өсиетін берген кісі ме?
МҰСАНЫҢ басынан осындай және басқа да көптеген жағдайлар өткен. Сенімі берік Құдайдың осы қызметшісін христиан, иудаизм және ислам дінін ұстанатындар бірдей құрметтейтіні таңғалдырмайды.
Мұса “Жаратқан Иенің зор құдіретін көрсеткен” пайғамбар болғанында сөз жоқ (Заңды қайталау 34:10—12). Ол Құдайға барынша қызмет етуге дайын болған. Мұса да басқа пайғамбарлар сияқты “біздікіндей сезімі бар” кәдімгі қарапайым адам болатын (Жақып 5:17). Ол да біз секілді қиындықтарға кезіккен әрі оларды жеңе білген.
Ол қиындықтарды қалай жеңгені жайлы білгіңіз келе ме? Мұсаның танытқан үш жақсы қасиетін қарастырып көрейік. Біз одан не нәрсеге үйрене аламыз?
a Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі (Мысырдан шығу 3:15-тегі сілтемені қараңыз).