Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.8. 30-б.
  • Есіңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Есіңде ме?
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба Самсонға күш берді
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ең күшті адам
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Киелі кітапта жазылған кереметтерге сенуге бола ма?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Самсоннан үлгі алып, Ехобаға сенім артыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.8. 30-б.

Есіңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқып шықтың ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр.

Исаның тарихта болған адам екеніне қандай дәлелдер бар?

Бірінші ғасырда өмір сүрген Иосиф Флавий мен Корнелий Тацит сияқты тарихшылар Исаны өз жазбаларында атап өткен. Бірақ бұдан да маңыздысы — Исаның ойдан шығарылған тұлға емес, тарихта болған адам екені Інжілдің өзінен анық көрінеді (1.4. 7-бет).

Жасөспірімді не мазалайтынын қалай білуге болады?

Бұны білудің ең жақсы жолы — оның өзінен сұрау. Алайда әңгіменің дау-дамайға ұласып кетуіне жол бермегеніңіз жақсы. Қайта, Жақып 1:19-дағы: “Әркім тыңдауға жүйрік, сөйлеуге және ашулануға баяу болсын”,— деген кеңесті қолданған дұрыс. Басқа адамдармен ізетпен сөйлесетініңіз сияқты, балаңызбен де “тәлім беру шеберлігін барынша қолданып, зор шыдамдылықпен” сөйлескеніңіз жөн (Тім. 2-х. 2:24) (1.4. 23-бет).

Самсонның шашы оған күш берді ме?

Самсонның шашы өздігінен оған күш берген жоқ. Оның шашы назир ретіндегі Ехобамен ерекше қарым-қатынасының белгісі болған. Далида оның шашын қиып тастаған кезде бұл қарым-қатынас бұзылды (15.4. 9-бет).

Кәдімгі жүрекке сияқты бейнелі жүрегімізге де қандай үш нәрсе жақсы әсер етеді?

1) Нәрлендіру. Жүрек ауруларының алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, қажетті мөлшерде нәр алу керек. Сол сияқты бейнелі жүрегімізді де қажетті мөлшерде рухани аспен нәрлендіруіміз қажет 2) Жаттығу. Қызметке белсене атсалысқанымыз бейнелі жүрегімізді жақсы күйде сақтайды. 3) Қоршаған орта. Қамымызды шын ойлайтын бауырластармен мейлінше жиі араласатын болсақ, стресті азайта аламыз (15.4. 16-бет).

Мәсіхші ерлі-зайыптылар бөлек тұруды не ажырасуды шешсе, бұл ненің белгісі?

Шомылдыру рәсімінен өткен мәсіхшілер Жазбаларға негізделмеген себеппен ажырасуды я бөлек тұруды шешсе, бұл олардың Ехобамен қарым-қатынасы берік емес екенін көрсетеді. Екеуінің біреуі не тіпті екеуі де Киелі кітап принциптерін қолданбай жүрген болса керек. Егер екеуі де “шын жүректен Жаратқан Иеге” сенім артатын болса, некелерін сақтап қалуы әбден мүмкін (Нақ. с. 3:5, 6) (15.5. 10-бет).

Жерлеу кезінде баяндамашының Забур 115:6-ғы (сілт.) сөздерді неге марқұмға қатысты қолданбағаны дұрыс?

“Иемізге бағышталған адамдарының өлімі Жаратқан Ие үшін құнды”,— деп жазды забур жыршысы. Бұл жерде Құдай үшін бүкіл халқының өмірі аса құнды деген ой жатыр. Ехоба халқының жер бетінен топ ретінде құрып кетуіне жол бермейді (15.5. 22-бет).

Кітап таратушылар деген кімдер еді?

1931 жылға дейін “кітап таратушылар” деген тіркес қазір “ізашарлар” деп аталатын бауырластарға қатысты қолданылған (15.5. 31-бет).

Даниял 2:44-тегі (ЖД) “осы патшалықтардың барлығы” деген қай патшалықтар?

Бұлар — Даниялдың сипаттап жазған дәу мүсіннің әртүрлі бөліктері бейнелейтін патшалықтар (15.6. 17-бет).

Англо-америкалық держава Киелі кітап пайғамбарлығындағы жетінші дүниежүзілік патшалыққа қашан айналды?

Британия мен Құрама Штаттар Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде қоян-қолтық әрекет еткенде екеуі біріккен державаға айналды (15.6. 19-бет).

Құдай ұлы жамағатты қалай қорғайды?

Ехоба халқын қолдап-қорғайтынын және құтқаратынын уәде еткен әрі біз бұған кәміл сенеміз (Заб. 36:28; 90:1—3). “Зор алапаттан” адам баласы санай алмайтындай “ұлы жамағат” аман өтуге тиіс (Аян 7:9, 14). Демек, Құдай бұл жамағаттың осы дүниенің соңғы күндерінде жойылып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ олар сынақтарға төтеп беріп, өзімен қарым-қатынастарын сақтап қалу үшін Ехоба өз тарапынан қажеттінің бәрін жасайды. Ал Армагеддонның кезінде Ехоба өз қызметшілерін қорғап қалады (15.7. 25-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу