Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.7. 32-б.
  • “Арманым орындалды!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Арманым орындалды!”
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • “Мен мұндай сүйіспеншілікті ешқашан көрген емеспін”
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.7. 32-б.

“Арманым орындалды!”

Осыдан 15 жыл бұрын Эмилия жалпы ізашар болып қызмет етті, бірақ оған бұл қызметін тоқтатуға тура келді. Соңғы кездері ол өміріндегі сол бір бақытты кезеңді жиі есіне алып жүрді. Сөйтіп, оның қайтадан ізашар болуға деген ықыласы оянды. Алайда бұған бір кедергі болды.

Эмилияның жұмысы оның көп уақытын алатын. Бұл оны қуанышынан айыратын. Бірде ол әріптестерінің көзінше: “Жұмыс уақытым азырақ болса ғой”,— деп күрсінді. Бұл сөзді естіген бастығы қасына барып, мұны шынымен қалайтын-қаламайтынын сұрады. Эмилия мұны қалайтынын растады. Алайда азырақ жұмыс істеу үшін ол бас директордан рұқсат алу керек еді, себебі мекеме қызметкерлерінен толық уақыт жұмыс істеу талап етілетін. Бауырласымыз бас директормен сөйлесуге дайындалды, әрі Ехобадан батылдық пен жантыныштығын сұрады.

Эмилия директордан жұмыс уақытын қысқартуын сыпайылықпен, бірақ батылдық таныта отырып сұрады. Жұмыстан бос уақытын өзгелерге көмектесуге арнайтынын түсіндіріп, ол былай деді: “Мен Ехоба куәгерімін және адамдарға Киелі кітаптан білім алуға көмектесемін. Бүгінгі таңда көпшіліктің моральдық құндылықтары төмендеп барады. Ал Киелі кітаптағы нұсқаулар мен ақыл-кеңестер олар үшін үлкен көмек бола алады. Бұл іспен айналысқаным жұмысымның сапасына кері әсер етуіне жол бермеймін, әйтсе де басқаларға көмектесу үшін бос уақытым көбірек болса екен деймін. Сол үшін жұмыс уақытымды азайтуды сұрап келіп отырмын”.

Директор мұқият тыңдап болған соң, өзі де бір кездері қайырымдылық іс-шараларын атқару жайлы ойланғанын айтты. Сосын ол былай деп қосты: “Келтіріп отырған себептеріңізге қарап отырсам, өтінішіңізді орындауға тиісті сияқтымын. Бірақ айлығыңыздың азаятынын түсінесіз бе?” Эмилия мұны түсінетінін әрі қажет болса, өмірін қарапайым ететінін айтты. Сосын ол: “Менің ең басты мақсатым — адамдарға шын мәнінде көмек болатын іспен айналысу”,— деп қосты. Сонда директор оған: “Өзгелерге көмектесу үшін уақыттарын аямайтын сіз сияқты жандарға тәнтімін”,— деді.

Эмилияға мекеменің бірде-бір жұмысшысына бұрын-соңды жасалмаған жеңілдік жасалды. Ол аптасына төрт күн жұмыс істейтін болды. Бір таңғаларлығы — Эмилияның айлығы бұрынғыдай болып қалды. Ол былай дейді: “Арманым орындалды, мен қайтадан жалпы ізашармын!”

Ізашарлық қызметті бастау үшін немесе қайта жалғастыру үшін, өміріңде өзгерістер жасау жайында ойлап көргенсің бе?

[32-беттегі сөздер]

Директор оған: “Өзгелерге көмектесу үшін уақыттарын аямайтын сіз сияқты жандарға тәнтімін”,— деді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу