Сұрақтарыңыз жауапсыз қалмасын
“[Исаның] кім екендігіне қатысты әркімнің өз пікірі бар. Оған деген сеніміміз не күмәніміз қандай болмасын, “Ол шын мәнінде кім болған?” деген сұрақ кім-кімді де қызықтыратын көрінеді” (ЖАЗУШЫ СТЭН ГАСРИ).
ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ Иса Мәсіхке деген қызығушылығы ешқашан азайған емес. Ол жайлы кітаптар мен фильмдер көптің көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие болып жатады. Десе де, көп адамның көкейінде Исаға қатысты сұрақтары әлі де қалып қойып отыр әрі бұған қатысты әркімнің пікірі де әртүрлі.
Осыдан бірнеше жыл бұрын екі тілші Интернетте сауалнама жүргізіп, адамдарды “Иса кім болған?” деген сұраққа жауап беруге шақырды. Олардың жауабы келесідей болды:
● “Ол соңғы демі біткенше мейірімділіктің үлгісін көрсеткен керемет ұстаз болған”.
● “Ол қарапайым ортадан шыққан ерекше адам еді”.
● “Исаның тарихта болғандығына еш дәлел жоқ”.
● “Иса — Құдайдың Ұлы. Бізді күнәларымыздан арылту үшін ол дүниеге келіп, өліп, қайта тірілген. Ол қазір тірі және болашақта жерге қайтадан келмек”.
● “Менің нанымым бойынша, Иса — Құдайдың жалғыз ұлы. Ол толығымен адам, толығымен Құдай және бір уақытта екеуі де болып табылады”.
● “Ол — жай ертегі кейіпкері ғой. Оған әлі есеймеген ересектер ғана сенеді”.
Бір-бірімен үйлеспейтін бұл көзқарастардың барлығын бірдей дұрыс дей алмайтынымыз анық. Ендеше Исаға қатысты сұрақтардың сенімді жауаптарын қайдан табуға болады? Осы журналды басып шығарушылар Киелі кітапты Құдай Сөзі деп есептейді және Иса жайлы шындықты тек содан ғана білуге болады деп сенеді (Тімөтеге 2-хат 3:16)a.
Келесі мақалада Исаның кім екендігіне қатысты жиі көтерілетін сұрақтардың жауабы қарастырылады. Ол өзіне “сенген әркімнің” құтқарылатынын айтқан (Жохан 3:16). Осы сұрақтардың жауабы сізді Иса туралы көбірек білуге және оған сенім білдіруге талпындырады деп үміттенеміз.
[Сілтеме]
a Бұл жайлы көбірек білгіңіз келсе, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының “Киелі кітап — Құдайдан келген кітап” деп аталатын 2-тарауын қараңыз.