Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.1. 30—31 бет.
  • “Ол Ехобадан еш ажырамады”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Ол Ехобадан еш ажырамады”
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Жаратқан Иенің Езекия патшаға көмектесуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Бүгінде жеті бағушы мен сегіз әмірші кімдерді бейнелейді?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Уа, Ехоба... өзіңе сенім артамын”
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • Ехобаның достарына еліктейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.1. 30—31 бет.

Кел, балақай, оқиық!

“Ол Ехобадан еш ажырамады”

БІЗ кімдерден ажырамай жүреміз? ~a Бізге қымбат, жақын адамдардан еш ажырағымыз келмейді ғой. Киелі жазбаларда бір адамның шынайы Құдай “Ехобадан еш ажырамағаны” айтылған. Ол адамның аты — Езекия. Ол бізге қандай үлгі қалдырды?

Езекияның балалық шағы қиын болды. Оның әкесі Яһуда патшасы Ахаз Ехобаға қызмет етпеді. Ахаз жалған құдайларға құлшылық етті. Ол кезде Езекия әлі бала еді. Әкесі кем дегенде бір ұлын, яғни Езекияның туған бауырларының бірін өлтіріп, жалған құдайдың құрметіне құрбандыққа шалды!

Әкесі Ахаз жаман істер жасаса да, Езекия Ехобаға мойынсұна берді. Қалай ойлайсың, бұл қиын болды ма? ~ Оған қиын болған болса керек. Бірақ Езекия еш берілмеді! Оған Ехобадан ажырамауға не көмектескенін және бізге не көмектесетінін білейік.

Езекия Ехобадан ажырамаған адамдар туралы білуге тырысты. Мысалы, Дәуіт туралы. Дәуіт өзінен жүздеген жыл бұрын өмір сүрсе де, Езекия ол туралы Жазбалардан оқи алды. Дәуіт: “Тіпті туған әке-шешем тастап кетсе де, Ехоба мені қабылдайды”,— деп жазған.

Ехобаның тілін алуға Дәуітке не көмектескенін байқадың ба? ~ Оның Ехобаға деген сенімі. Тілалғыш болса, Ехоба оны қолдайтынына Дәуіт сенімді болды. Ол еш күмәнданбады. Дәуіт жайлы ойланғаны Езекияға да Ехобаның тілін алып, одан еш ажырамауға көмектескені шүбәсіз. Егер Ехобаның айтқанын орындап, одан еш ажырамайтын болсаң, ол саған да көмектесетініне сенімді бол.

Ал егер сенің әкең не анаң Ехобаға қызмет етпейтін болса ше? ~ Құдай балаларға ата-анасының айтқанын тыңдаулары керек дейді. Сен де ата-анаңның тілін алуың керек. Бірақ егер ата-анаң Құдай істеме дейтін нәрсені істе десе, неге олай істегің келмейтінін түсіндір. Ұмытпа, өтірік айту, ұрлау сияқты Құдайға ұнамайтын істер істеуге болмайды. Кім не демесін, сен ең бастысы Құдайды тыңдауың керек!

Езекия тек Дәуіттен ғана емес, атасы Жотамнан да үлгі алған. Біз де Езекия сияқты бұл адамдар туралы Киелі кітаптан оқып, олардан үйрене аламыз. Олар бізге жақсы үлгі қалдырды. Сен тағы кімдерден үлгі алғың келеді? ~

Рас, Киелі кітапта Езекия, Дәуіт, Жотам және тағы басқа адамдардың қателіктер жасағаны айтылады. Дегенмен бұл адамдар Ехобаны жақсы көрген, қателіктерін мойындаған және жақсы істер істеуге тырысқан. Ал ешқашан қателік жасамаған адам Құдай Ұлы Иса ғана. Кел, ол туралы жақсылап біліп алайық та, оған ұқсауға тырысайық.

Киелі кітабыңнан оқы

  • Патшалар 2-жазба 18:6; Шежірелер 2-жазба 28:1—3

  • Зәбүр 27:10; Ефестіктерге 6:1; Қолостықтарға 3:20

  • Шежірелер 2-жазба 27:1, 2; Петірдің 1-хаты 2:21

a Сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісі келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу