Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.2. 31—32 бет.
  • “Қайда барсам да шабаданым жұрттың көзіне түсетін”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Қайда барсам да шабаданым жұрттың көзіне түсетін”
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.2. 31—32 бет.

Біздің мұрағаттан

“Қайда барсам да шабаданым жұрттың көзіне түсетін”

Шарлот Уайт есімді толық уақытты уағыздаушы Луисвилл қаласына (АҚШ, Кентукки штаты) келгенде, оның жылжымалы шабаданы жұрттың назарына ілікті.

БҰЛ 1908 жыл еді. Уайт бауырластың жаңадан шыққан “Жылжымалы таң шапағы” қала тұрғындарын бейжай қалдырмады. “Адамдар мұны сөз етіп жүрді,— дейді Уайт бауырлас.— Қайда барсам да шабаданым жұрттың көзіне түсетін”.

Киелі кітап зерттеушілеріa Жазбаларды мұқият зерттеудің арқасында білген құнды шындықтарды басқаларға да айту керектігін түсінді. Көбісі бұл шындықтарды “Мыңжылдықтың таң шапағы” (кейіннен “Жазбаларды зерттеу” деп те аталды) деген бірнеше томдық кітаптан білген еді. Жердің түкпір-түкпіріне баруға дайын мәсіхшілер қалалар мен ауылды аймақтарды аралап, оқығысы келгендердің бәріне осы кітаптарды таратумен болды.

1908 жылы Уайт бауырлас және Патшалықтың өзге де құлшынысты жариялаушылары матамен қапталған алты томдық “Таң шапағын” 1,65 АҚШ долларына ұсынатын. Олар кітапты адамдарға бірден бере салудың орнына, алдымен тапсырыстарын алатын. Ал басқа бір күні, әдетте адамдар жалақы алатын кезде, келетін де, оны баспаға кеткен шығынын жабатын азын-аулақ ақшаға беретін. Тіпті Ехоба куәгерлерін ұнатпайтын бір кісі адамдардың кітапқа тым аз садақа беретінін айтып, наразылығын білдірген екен.

Малинда Кифер есімді бауырлас аптасына екі жүзден үш жүзге дейін тапсырыс алатын. Алайда “Таң шапағына” деген мұндай сұраныс біраз қиындық тудырды. Кітаптың алты томының өзі 740 беттен тұратын! “Күзет мұнарасының” бір санында айтылғандай, 50 кітаптың салмағы 18 келі болатын. Бұларды алып жүру әсіресе әйел бауырластар үшін тым ауыр еді.

Бұл мәселені шешу үшін Джеймс Коул есімді бауырлас екі дөңгелегі бар жиналмалы құрал ойлап тапты. Оны алып жүру үшін үстіне шабаданды қойып, болттармен бекіту керек-тін. Бұрын өзі де кітапқа толы қораптарды тасып жүретін Джеймс: “Енді иығым үзілмейтін болды”,— деп қуанды. Джеймс жаңа құрылғыны 1908 жылы Огайо штатының Цинциннати қаласында өткен Киелі кітап зерттеушілерінің конгресінде хабарлады. Құрылғының көлденең тұрған таяқшасының шетіндегі түймелерде “Жылжымалы таң шапағы” деген атауы ойып жазылды, өйткені оның негізгі жүгі “Мыңжылдықтың таң шапағы” кітабының томдары еді. Оны қолдану еш қиындық тудырмайтын: шабаданның ішіне ондаған кітап салып алып, бір қолмен-ақ алып жүруге болатын. Оның биіктігін әр адам өзінің бойына сай етіп өзгерте алатын, ал дөңгелектері жолдары нашар көшелерге де жарай беретін. Күні бойы қызмет еткеннен кейін, үйге жаяу не трамваймен қайтқанда, құрылғының дөңгелектерін жоғары қарай жинап қойып, көтеріп жүруге болатын.

Толық уақыт қызмет ететін әйел бауырластарға 2,50 доллар тұратын “Жылжымалы таң шапағы” тегін берілетін. Осы бетте суреті бар Кифер бауырлас құрылғыға үйреніп алғаны соншалық, бір қолына кітапқа толы шабаданды ұстап, ал екінші қолына кітаптар салынған басқа бір сөмке алып алатын. АҚШ-тың көмір өндіретін Пенсильвания штатының өзінде ол көптеген ақжүрек адамдарды тауып, оларға кітапты жеткізу үшін күніне үш-төрт рет көпірден өтетін.

1990 жылға таман бір ұшқыш ойлап тапқан дөңгелектері бар шабаданды бүгінде әуежайлар мен үлкен қалалардан жиі көруге болады. Алайда бір ғасыр бұрын шындықтың дәндерін жер-жерге сепкен құлшынысты Киелі кітап зерттеушілері “Жылжымалы таң шапағын” әрлі-берлі сүйретіп жүріп, жұрттың назарына іліккендеріне мәз болған болса керек.

[Сілтеме]

a Ехоба куәгерлері сол кезде осылай аталатын.

[32-беттегі сөздер]

Кифер бауырлас қызығушыларға кітапты жеткізу үшін күніне үш-төрт рет көпірден өтетін

[32-беттегі сөздер]

Осының арқасында “Таң шапағын” жеткізу оңай болды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу