Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.12. 31-б.
  • Естеріңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Естеріңде ме?
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба — менің үлесім
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапта түсік жасату жайлы не айтылған?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Пайдалы болатындай көңіл көтересің бе?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Уақыт кестесі
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.12. 31-б.

Естеріңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқып шықтыңдар ма? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңдер.

• Ехоба қай мағынада леуіліктердің үлесі болды?

Исраилдің әрбір руы еншіге жер алды, ал леуіліктердің үлесі Ехоба болды (Ру. сан. 18:20). Еншілеріне жер берудің орнына, Ехоба оларға өте мәртебелі қызметті сеніп тапсырды. Олардың материалдық қажеттіліктерін Ехоба өзі қамтамасыз етті. Бүгінде де Патшалықтың мүддесі үшін еңбек сіңіріп жүргендерді Құдай ең қажетті нәрселермен қамтамасыз ететінінде күмән жоқ (15.9. 7, 8, 13-беттер).

• Ежелгі Исраилде бақылаушы қызметін атқарған Пінехестің мысалынан қауым ақсақалдары не үйрене алады?

Исраилде үлкен жауапкершіліктер атқарған Пінехес батылдық, парасаттылық қасиеттерін танытып, Құдайға арқа сүйеген. Осының арқасында ол кез келген қиындықтарды жеңе алған. Сондай-ақ Исраил халқының қамын шын жүректен ойлағандықтан, ол Ехобаның ықыласына ие болған (15.9. 30-бет).

• “Құдай жайлы білімнің” қандай үш қыры бар?

Шынайы ілімдер. Құдай сөзінен маңызды сұрақтардың жауабын табуға болады. Ақыл-кеңестер. Киелі кітап ең жақсы өмір жолын көрсетеді. Құдай болмысының қырлары. Киелі жазбалар — Құдай жайлы тура білімнің негізгі қайнар көзі (1.10. 23-бет).

• Мәсіхшіге көңіл көтерудің пайдалы-пайдалы еместігін анықтауға не көмектеседі?

Өзімізге пайдалы және Құдайға ұнамды болатын көңіл көтеру түрін таңдауға келесі сұрақтар көмектеседі: “Көңіл көтерудің қандай түрін таңдаймын? Оған қанша уақыт жұмсаймын? Кіммен бірге көңіл көтеремін? (15.10. 8—12 беттер).

• Отау құру өздігінен азғындықтан қорған бола ала ма?

Бұрынғы заманда адамдар қабырғамен қоршалған қаланың ішінде жүрсе ғана оларға қауіп төнбейтін. Ал егер кімде-кім қаланың сыртына шығып кетсе, оны қарақшылар тонауы не тіпті өлтіруі мүмкін еді. Сол сияқты үйленгендер некеге бастау берген Құдайдың жыныстық қатынасқа қатысты талаптарын орындайтын болса ғана азғындықтан қорғана алады (15.10. 17-бет).

• Нақыл сөздер 7:6—23 порнография көруден аулақ болуға қалай көмектеседі?

Бұл үзіндіде бір жігіттің опасыз әйел тұрған көшемен жүргені айтылады. Әйел болса оны арбап алады. Бүгінде біздер өнегесіз суреттер мен бейнероликтері бар Интернет сайтына кіруден аулақ болуымыз аса қажет. Сондай сайттардағы суреттерге ұрынбай тұрғанда Ехобадан көмек сұрап дұға еткен абзал (15.11. 9, 10-беттер).

• Иса ер адамдарға шындықтың жағына шығуға қалай көмектескен?

Иса ер адамдарға уағыздағанда, ерекше бір әдісті қолданбаған. Дегенмен ол ер адамдарға тәлім бергенде, оларды ақша табу, адам алдындағы қорқыныш, және дәрменсіздік сезіну сияқты жайттар мазалайтынын ескерген (15.11. 24-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу