Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.8. 32-б.
  • Естеріңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Естеріңде ме?
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • О, неткен мол Құдайдың даналығы!
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Зәйтүн ағашы туралы мысал
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Кесілген ағаш қайта көктей ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай бізге сүйіспеншілігін көрсетуде
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.8. 32-б.

Естеріңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

• Еске алу кеші неге жылына бір рет аталып өтіледі?

Ехоба Құдай исраилдіктерге Мысырдың құлдығынан керемет түрде босатылғандарын жыл сайын тойлауды бұйырған. Киелі кітапта бұл күн Құтқарылу мейрамы деп аталды. Иса елшілерімен бұл мейрамды атап өткен соң, өз өлімін еске алудың үлгісі ретінде ерекше астан дәм тату рәсімін енгізді (Лұқа 22:7—20). Олай болса, Еске алу кеші Құтқарылу мейрамының орнын басып, жылына бір рет атап өтілу керек деп тұжырымдай аламыз (1.4. 21-бет).

• Қандай үш жайт арамдық жайлаған дүниеде адал жүріп-тұруға көмектеседі?

1) Көктегі Әкемізді ренжітіп алудан қорқу (Пет. 1-х. 3:12). 2) Киелі кітап бойынша тәрбиеленген ар-ұждан. 3) Барға қанағат ету (15.4. 6, 7-беттер).

• Салиқалы болу өзгелермен күліп-ойнап, жадырап жүруге болмайды дегенді білдіре ме?

Исаның үлгісін қарастырайық. Ол көңіл сергітуге және өзгелермен араласқанда уақытты пайдалы өткізуге қатысты керемет үлгі қалдырған. Оның үнемі тұнжырап жүретін адам болмағанын білеміз. Исаның жанында болғанда өзгелер, тіпті балалар да, өздерін еркін сезінген (15.4. 10-бет).

• Тімөтеге 1-хат 5:1, 2-тармақтарға сай, өзгелерді қадірлейтінімізді қалай көрсетеміз?

Бұл әсіресе қарсы жынысты адамдармен араласқанда маңызды. Бауырластардың қадірін түсірмеу қылымсып қырындамауды немесе өздерін біздің қасымызда ыңғайсыз сезімде қалатындай ешқандай әрекет жасамауды да білдіреді (15.4. 12-бет).

• Римдіктерге 11-тарауда айтылған зәйтүн ағашы нені білдіреді?

Зәйтүн ағашы Ыбырайымның ұрпағының бөлігі — рухани Исраил. Мәдени зәйтүн ағашының тамыры — Ехобаны, ал діңгегі Исаны бейнелейді. Яһудилердің көбісі Исадан бас тартқанда, мәсіхшілікті қабыл алған басқа ұлт адамдары үшін зәйтүн ағашына телінудің мүмкіндігі ашылды. Осылайша Ыбырайымның ұрпағы бөлігінің толық саны құралды (15.5. 22—25 беттер).

• Кемелді болған Исаның туылуы мүмкін ұрпақтары төлемнің бір бөлігін құрай алар ма еді?

Жоқ. Иса миллиардтаған кемелді адамды дүниеге әкеле алар еді. Алайда ұрпақтары төлемнің бір бөлігін құрай алмас еді. Исаның кемелді өмірі Адам атаның өміріне сай келген (Тім. 1-х. 2:6) (15.6. 13-бет).

• Мәсіхшілер Елшілердің істері 20:29, 30-дағы жалған ұстаздарға қатысты ескертуге құлақ асатындарын қалай көрсетеді?

Оларды үйлеріне шақырмайды, тіпті сәлемдеспейді де (Рим. 16:17; Жох. 2-х. 9—11). Сондай-ақ мәсіхшілер олардың әдебиеттерін оқымайды, олар туралы теледидар бағдарламаларын көрмейді, Интернет сайттарына кірмейді және жазған мәліметтеріне қатысты өз пікірлерін жазбайды (15.7. 15, 16-беттер).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу