Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 1.7. 5-б.
  • 2-пайғамбарлық. Ашаршылық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 2-пайғамбарлық. Ашаршылық
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 1.7. 5-б.

2-пайғамбарлық. Ашаршылық

“Ашаршылық болады” (МАРҚА 13:8).

● Нигердегі ашаршылықтың кесірінен шалғайдағы Гуаратаджи ауылына ағайын-туыстарымен бірге бір кісі көшіп келген. Ол кісі үнемі жападан жалғыз далада түнейді. Неге ол жалғыз? Ауыл басшысы Сидидің айтуынша, отбасын асырауға оның мүмкіндігі жоқ, сол себепті олардың бетіне қарай алмайды.

ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ? Дүниежүзі бойынша әр жеті адамның бірі асқа жарымайды. Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдерінде жағдай бұдан да нашар. Ол елдерде әр үш адамның бірі үнемі аш жүреді. Бұл жайтты анығырақ түсіну үшін ата-анасы мен баласынан тұратын отбасын мысалға келтірейік. Егер олардың екі адамға ғана жететін тамағы болса, ата-анасы бірінші кезекте баласын тамақтандырар еді. Ал содан кейін олардың қайсысы төсекке аш құрсақ жатады? Әкесі ме, әлде шешесі ме? Мұндай отбасылары күн сайын осындай шешім қабылдауға мәжбүр.

ЖИІ АЙТЫЛАТЫН ҚАРСЫ ПІКІР: Жер адамдардың барлығына жетерліктей өнім бере алады. Бар болғаны осы өнімді жақсы үлестіре білу керек.

МҰНДАЙ ПІКІР ДҰРЫС ПА? Бүгінде адамдар бұрын-соңды болмаған көлемде азық-түлік өндіріп, жер-жерге тасымалдай алады. Расында да, үкімет басындағылар азық-түлікті жақсы үлестіре білгенде, аштық дегенді білмес те едік. Бірақ олар қанша тырысып-баққанымен жағдай өзгерер емес.

СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Марқа 13:8-дегі пайғамбарлық орындалып жатыр ма? Технология дамыған заманда өмір сүріп жатқан адамзат баласы ашаршылық проблемасын шеше алды ма?

Жер сілкінісі мен ашаршылық жиі ақыр заманның тағы бір белгісі болып табылатын проблеманы тудырады.

[5-беттегі сөздер]

“Өкпе қабынуы, диарея және тағы басқа аурулардан шетінеп жатқан балалардың үштен бірі жеткілікті тамақтанған жағдайда, аман қалар еді”. (ЭНН М. УЭНЕМАН, БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ)

[5-беттегі түпдерек]

© Paul Lowe/Panos Pictures

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу