Қайғы-қасірет қуанышқа ұласады
“Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой” (ТІМӨТЕГЕ 2-ХАТ 3:1).
ТӨМЕНДЕГІДЕЙ қайғылы оқиғалар туралы естіп-білгеніңіз бар ма?
● Ондаған адам ауыр науқастан көз жұмды.
● Ашаршылық жүздеген адамның өмірін алып кетті.
● Жер сілкінісінің салдарынан мыңдаған адам өмірінен айырылып, одан да көбі үй-күйсіз қалды.
Келесі беттерден адамды бей-жай қалдырмайтын осындай оқиғалар туралы нақты деректерді оқып білесіз. Сондай-ақ Киелі кітапта “соңғы күндер” немесе ақыр заман деп аталатын кезеңде осындай жағдай орнайтыны алдын ала айтылғанын көресізa.
Сіз мұндай қиыншылықтарды өзіңіз де көріп жүрген шығарсыз. Сол себепті бұл мақалалар сізді қайғы-қасіретке толы дүниеде өмір сүріп жатқанымызға көзіңізді жеткізу үшін емес, үміт беру үшін жазылған. Осы мақалаларда қарастырылатын алты пайғамбарлықтың орындалуы осы дүниенің “соңғы күндері” жақында аяқталатынын білдіреді. Сондай-ақ бұл мақалаларда ақыр заманда өмір сүріп жатқанымызды жоққа шығарғысы келетін адамдардың пікірлері келтіріледі және алда жарқын болашақ күтіп тұрғанына неге сенімді бола алатынымыз түсіндіріледі.
[Сілтеме]
a Құдай мұндай қайғы-қасіретке неге жол бергенін білу үшін осы журналдың 16, 17-беттеріндегі “Құдай неге зұлымдық пен қайғы-қасіретке жол береді?” деген мақаланы оқыңыз.