Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.2. 11-б.
  • Күш салуға тұрарлық іс!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күш салуға тұрарлық іс!
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Зерттеу әдістері
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын қалай тиімді қолдануға болады?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Отбасы кестесі: отбасылық зерттеу
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
  • Мәңгі өмір сүру үшін не істеуіміз керек
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.2. 11-б.

Күш салуға тұрарлық іс!

БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіру” үшін, отбасылық ғибадат пен Киелі кітапты зерттеудің маңызы зор (Ефес. 6:4). Әр ата-ана кішкентай баланың тез жалығып, көңілі әр нәрсеге ауып кететінін жақсы біледі. Олардың көңілін қалай жаулап алуға болады? Кейбір ата-ананың қандай амал тапқандарын қарастырып көрейік.

Калифорнияда (АҚШ) тұратын Джордж есімді әке былай дейді: “Балаларымыз кішірек кезінде, әйелім екеуіміз әрбір Киелі кітап зерттеу сабағын жаңашалап әрі қызықты етіп өткізуге тырысатынбыз. Кейде бәріміз Киелі кітап кейіпкерлеріне ұқсап киініп, “Менің Киелі кітап әңгімелерім” кітабындағы оқиғаларына көрініс жасайтынбыз. Тіпті қылыш, асатаяқ және себет сияқты құрал-саймандарды жасап алдық. Сондай-ақ “Менің кім екенімді тапшы” деген Киелі кітап кейіпкерлерін жасырып, я болмаса үстел басында Киелі кітаптан қиын не оңай сұрақтар қойып ойнайтынбыз. Нұхтың кемесін жасау немесе Киелі кітап оқиғаларының уақыт тізбегін құрастыру сияқты жобаларды да жасадық. Ал кейбір зерттеу кештерінде Киелі кітап кейіпкерлерінің не оқиғаларының суретін салдық. Қазір Ефестіктерге 6:11—17-де айтылған рухани қару-жарақтардың суретін салып, әрқайсысының нені білдіретінін түсіндіріп беруді жоспарлап жатырмыз. Осы әдістер отбасымызбен Киелі кітапты зерттеуді қызықты етіп өткізуге көмектеседі”.

“Қызымыз үш жаста болғанда, күйеуім екеуімізге оның көңілін жаулап алу қиынға соғатын,— деді Мичиганда (АҚШ) тұратын Деби есімді ана. — Бір күні “Менің Киелі кітап әңгімелерім” кітабындағы Ысқақ пен Рабиғаның оқиғасын дауыстап оқып отырғанда, екі қуыршақ алдым да, оларды осы кейіпкерлерге ұқсатып, дауыстарын салып ойнаттым. Сонда барып қызым айтылған әрбір сөзге мұқият ден қоя бастады. Бірнеше ай бойы осы екі қуыршақты Киелі кітаптағы түрлі кейіпкерлердің рөлін салу үшін қолдандық. Кейіннен оқиғаны оқып болған соң, көрініс жасауға қажетті қуыршақтар мен басқа заттарды іздеп, қызымыз үй ішін шарлап кететін болды. Бұл оған қызықты ойынға айналды. Мысалы, қызыл жіп ілінген Рахабтың үйін жасау үшін қызыл бау мен аяқ киім қорабын қолдандық. Ал сыпырғының сабына оралған бір жарым метрлік ойыншық жылан Руларды санау 21:4—9-дағы мыс жылан айналды. Осы құралдарымыздың бәрін бір үлкен қорапқа жинап отырдық. Кейде қызымыз жиі үлкен бөлмеде отырып, “Киелі кітап оқиғаларының қорабын” ақтаратын да, түрлі көріністер жасап өз-өзімен ойнайтын. Мұны сырттай бақылаған біз қатты қуанатынбыз”.

Әрине, бала тәрбиелеу оңай емес. Олардың бойында Ехобаға қызмет ету қалауын ояту үшін апта сайын сабақ өткізуден де көп нәрсе керек. Бірақ отбасылық ғибадат пен Киелі кітапты зерттеу рухани тәлімнің негізі болып табылады. Мұның күш салуға тұрарлық іс екенінде сөз жоқ.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу