Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.4. 30—31 бет.
  • Иса мойынсұнғыш болуды үйренді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса мойынсұнғыш болуды үйренді
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса әрдайым мойынсұнды
    Кел, балақай, оқиық!
  • “Мен Ехоба Құдайдың құлымын!”
    Сенімін серік еткендер
  • Ол “барлығын көңіліне түйіп алды”
    Сенімін серік еткендер
  • Тұрмысқа шықпаған Мәриям жүкті
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.4. 30—31 бет.

Балаларыңа тәлім беріңдер

Иса мойынсұнғыш болуды үйренді

МОЙЫНСҰНУ саған қиын ба? ~a Егер солай болса, бұған таңғалмай-ақ қой. Өйткені мойынсұну бәрімізге де қиын болып жатады. Исаның өзі де мойынсұнуды үйренгенін білген бе едің? ~

Балалар кімге мойынсұнуы керек? ~ Дұрыс айтасың, әкесі мен шешесіне. Киелі кітапта: “Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар”,— делінген (Ефестіктерге 6:1). Исаның әкесі кім болған? ~ Ехоба Құдай, ол біздің де көктегі Әкеміз (Матай 6:9, 10). Ал егер сен Исаның әкесі Жүсіп, анасы Мәриям болған деп ойласаң, мұның да дұрыс. Олардың қалайша Исаның ата-анасы болғанын білесің бе? ~

Жәбірейіл періште Мәриямға ана болатынын айтқан кезде, Мәриям ер адаммен қосылмаған еді. Ехоба Құдай керемет түрде оның құрсағына бала салды. Мұны Жәбірейіл періште былай деп түсіндірді: “Сенің үстіңе Киелі Рух келіп, Құдай Тағаланың құдіреті саған көлеңкесін түсіреді. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала “Құдайдың рухани Ұлы” деп аталмақ” (Лұқа 1:30—35).

Сөйтіп, Құдай өзінің көктегі Ұлының өмірін Мәриямның құрсағына ауыстырды. Осылай ол барлық балалар сияқты анасының ішінде үлкейіп өсті. Шамамен тоғыз ай өткен соң, Иса дүниеге келді. Сол аралықта Мәриям Жүсіпке күйеуге шығып қойған болатын. Сондықтан көп адам Исаның шын әкесі Жүсіп деп ойлады. Бірақ шын мәнінде ол өгей әкесі еді. Осылайша Исаның әкесі екеу болған.

Бірде Исаның көктегі Әкесі Ехобаны жақсы көретінін көрсететін бір оқиға орын алды. Ол кезде Иса небәрі он екі жаста еді. Сол заманда қалыптасқан дәстүр бойынша, Иса отбасымен бірге Құтқарылу мейрамын тойлау үшін Иерусалимге барады. Кейін Назареттегі үйлеріне қайтып келе жатқанда, Жүсіп пен Мәриям Исаның қастарында жоқ екенін байқайды. Олар Исаны қалай жоғалтып алғанын білгің келе ме? ~

Жүсіп пен Мәриямның басқа да балалары болған (Матай 13:55, 56). Олар Иерусалимнен Зебедей мен Саломиден туған Жақып, Жохан деген туысқандарымен бірге келе жатса керек. Ал Саломи мен Мәриям апалы-сіңлілі болғанға ұқсайды. Міне, сондықтан да Мәриям Исаны солардың арасында келе жатыр деп ойлады (Матай 27:56; Марқа 15:40; Жохан 19:25).

Жүсіп пен Мәриям Исаның араларында жоқ екенін білгенде, бірден Иерусалимге кері қайтады. Сөйтіп, олар баласын жан ұшыра іздейді. Үш күн өткеннен кейін ғана оны ғибадатханада отырған жерінен тауып алады. Мәриям оған: “Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуіміз қатты алаңдап, сені іздеп келдік!”— деді. Сонда Иса: “Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің үйінде болғаным жөн, әлде мұны білмедіңіздер ме?”— деп айтады (Лұқа 2:45—50 сілтеме).

Исаның анасына бұлай жауап бергені дұрыс болмады деп ойлайсың ба? ~ Негізінде, Исаның ата-анасы оның Құдай ғибадатханасында болуды ұнататын білген (Забур 121:1). Олай болса, әке-шешесі өзін ең алдымен ғибадатханадан іздеу керек деп есептегені дұрыс емес пе? ~ Кейінірек, Мәриям Иса айтқан сөздердің бәрін жадында сақтап қалды.

Иса Жүсіп пен Мәриямға бағынды ма? ~ Киелі кітапта: “Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді”,— делінген (Лұқа 2:51, 52). Исадан қандай үлгі аламыз? ~ Дұрыс айтасың, біз де әкеміз бен анамызға мойынсұнуымыз керек.

Алайда Исаға, тіпті көктегі Әкесіне де, мойынсұну оңай бола бермеген.

Өлер алдындағы түні Иса Ехобадан өзін күтіп тұрған сынақты болдырмауын өтініп сұрайды (Лұқа 22:42). Бірақ ол қаншалықты қиын болса да, Құдайға мойынсұнды. Киелі кітапта: “Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді”,— делінген (Еврейлерге 5:8). Бұдан біз де сабақ алуымыз керек емес пе?! ~

a Сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісі келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

СҰРАҚТАР:

  • Мәриям қалай Исаның анасы болды? Неге оның әкесі екеу еді?

  • Әке-шешесі Исаның қалып кеткенін неге бірден байқамады?

  • Иса өзін қайдан іздеуді әке-шешесі неге білулері керек деп есептеді?

  • Исадан қандай үлгі ала аласың?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу