Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.7. 24—25 бет.
  • Рабиға Ехобаға ұнамды болуды қалаған

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рабиға Ехобаға ұнамды болуды қалаған
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Рабиға Ехобаға ұнамды болғысы келді
    Кел, балақай, оқиық!
  • “Иә, барамын”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Ысқақтың жақсы әйелге үйленуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Дұғаның күші
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.7. 24—25 бет.

Балаларыңа тәлім беріңдер

Рабиға Ехобаға ұнамды болуды қалаған

БҮГІНДЕ Рабиға деген есімнің баламасы көп елде кездеседі. Сен Рабиға есімді адамды танисың ба? ~a Рабиға дүниежүзінде ең кең тараған кітап — Киелі кітапта аты аталған танымал әйел болған. Сен ол туралы не білесің? ~ Рабиғаның үлгісі шынайы Құдай Ехобаға қызмет етуге талпындыратындықтан, ол туралы білуіміз керек.

Рабиға — Ехобаға ғибадат еткен Киелі кітапта аты аталған әйелдердің екіншісі. Ал бірінші кім болғанын білесің бе? ~ Ол Ыбырайымның әйелі Сара. Ол қартайған шағында жалғыз ұлы Ысқақты дүниеге келтірді. Ал қазір Рабиға Ехобаға ұнамды болуды қалайтынын қалай көрсеткенін және Ысқақты қалай кездестіргенін қарастырайық.

Құдайдың Ыбырайым мен Сараға Харан жерін тастап, Қанахан еліне баруды бұйырғанына алпыс жылдан асты. Қартайған кездерінде Құдай оларға ұлды болатындарын уәде етіп, оның есімін Ысқақ деп қоюды тапсырды. Ата-анасы оны өте жақсы көргені сөзсіз. Жүз жиырма жеті жасқа келген анасы Сара қайтыс болғанда, ер жетіп қалған Ысқақ қатты қайғырды. Ыбырайым Ысқақтың Қанахан жеріндегі қыздардың біріне үйленгенін қаламады, өйткені олар Ехобаға ғибадат етпейтін. Сөйтіп, ол қызметшісіне, Елиезер болса керек, 800 шақырым қашықтықта орналасқан Харан еліне барып, өз туыстарының арасынан Ысқаққа қалыңдық таңдауды тапсырды (Жаратылыс 12:4, 5; 15:2; 17:17, 19; 23:1).

Елиезер мен Ыбырайымның басқа да қызметшілері азық-түлік пен қалыңдыққа арналған сыйлықтар артылған он түйемен Харан жеріне келіп жетті. Олар құдық басына келіп тоқтады, өйткені түстен кейін малдарына және үйлеріне су тарту үшін харандықтардың осында келетінін Елиезер білген болатын. Осы жерде Елиезер дұға етіп, Ысқаққа қалыңдық болуға таңдалған қыздан су беруін сұрағанда, ол “ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін” деп жауап берсінші деп өтінді.

Тап солай болды да! ‘Өте сұлу, жас қыз’ Рабиға құдық басына келді. Елиезер ішуге су беруін сұрағанда, ол: “Түйелеріңізді де шөлдері қанғанша суарып берейін”,— деді. Содан Рабиға “су тартып алу үшін қайтадан құдыққа қарай жүгіре жөнеліп, барлық түйелерді суарып шықты”. Осы кезде Елиезер таңғалып, оны мұқият бақылап тұрды. Ойлап көрші! Шөлдеген он түйенің шөлін қандыру үшін, оған шамамен 1 000 литр су тасу қажет болды.

Сөйтіп, Елиезер Рабиғаға әдемі сыйлықтар тарту етті және оның Ыбырайымның туысы Бетуелдің қызы екенін білді. Рабиға Елиезер мен қасындағы адамдарды үйіне ‘түнеп шығуға’ шақырды. Ал өзі Қанахан жерінен туыстары Ыбырайым әдейі жіберген қонақтардың келе жатқанын айту үшін үйіне қарай жүгіре жөнелді.

Рабиғаның ағасы Лабан қарындасына тарту етілген қымбат сыйлықтарды көріп, Елиезердің кім екенін білгенде, оны үйге кіруге шақырды. Алайда Елиезер: “Мен келген шаруамды айтпай тұрып дәм татпаймын”,— деді. Содан кейін Ыбырайым өзін мұнда не үшін жібергенін айтып берді. Сонда Рабиғаның ата-анасы мен ағасы ризалықтарын білдіріп, Рабиғаны ұзатуға келісті.

Елиезер мен қасындағылар ішіп-жеп болған соң, сол үйде түнеді. Ертесіне Елиезер: “Маған қожайыныма оралуға рұқсат етіңіздер”,— деді. Алайда Рабиғаның анасы мен ағасы қыздың, ең болмағанда, “он шақты күн” үйде қала тұруын өтінді. Ал Рабиғадан кешікпей жолға шығуға қалай қарайтынын сұрағанда, ол “қарсы емеспін” деп жауап берді. Содан ол Елиезерге еріп, Қанаханға жол тартты. Сөйтіп, Ысқаққа тұрмысқа шықты (Жаратылыс 24:1—58, 67).

Рабиғаға туған-туыстары мен дос-жарандарын қайта көрмеуі мүмкін екенін біле тұра оларды тастап, алыс жерге кету оңай болды ма? ~ Әрине, жоқ. Алайда Рабиғаның Ехобаға ұнайтындай әрекет етуге дайын болғаны оған мол бата әкелді. Ысқақ пен Рабиғадан тараған ұрпақтан Құтқарушымыз Иса Мәсіх дүниеге келді. Егер біз де Рабиға сияқты Ехобаға ұнайтынды істейтін болсақ, мол батаға ие боламыз (Римдіктерге 9:7—10).

a Егер балаңызбен бірге оқып отырсаңыз, сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісіне келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

СҰРАҚТАР:

  • Рабиға деген кім және Елиезер оны қай жерде кездестірді?

  • Неліктен Ыбырайым Ысқақтың Қанахан жеріндегі қыздардың біріне үйленгенін қаламады?

  • Рабиғаның жақсы әйел болатыны неден көрінді?

  • Рабиғадан қандай үлгі ала аламыз?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу