Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.12. 3-б.
  • Естеріңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Естеріңде ме?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба — адамзатпен тілдесетін Құдай
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба оны “досым” деп атаған
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • “Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.12. 3-б.

Естеріңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандары сендерге ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтардың жауабын білетін шығарсыңдар.

• Исаның суға батып бара жатқан Петірді құтқарғанынан не үйренеміз? (Мат. 14:28—31).

Қандай да бір бауырлас сенімінде әлсіздік танытқандай көрінсе, сенімін нығайту үшін, бейнелеп айтқанда, оған ‘дереу қол созып’ көмектесуіміз керек (15.09. 8-бет).

• Адамзатты құтқару Ехобаға қаншалықты қымбатқа түсті?

Ұлының азап шегіп, келеке-мазақ болғаны Ехобаның жанына батты. Соған қарамастан ол, өз ұлын құрбандыққа шалуға дайын болған Ыбырайым сияқты, Исаның қылмыскер ретінде өлтірілуіне жол берді (15.09. 28, 29-беттер).

• Неліктен ақша жарату мәселесі отбасында келіспеушіліктер тудыруы мүмкін және оларды қалай шешуге болады?

Ерлі-зайыптыларда ақша жаратуға қатысты келіспеушіліктер жиі бір-біріне сенбегендіктен, шыққан орталары әртүрлі болғандықтан және жоқшылыққа ұшыраудан қорыққандықтан туындайды. Бұларды шешудің төрт жолы бар: ақша мәселесін сабырлықпен талқылауға үйрену, кірісті қалай жарататындарыңды келісіп алу, отбасы бюджетін құру және кімнің қандай міндет атқаратынын шешіп алу (1.10. 26-бет).

• Нақыл сөздер 24:27-де ‘шаңырақ көтеруге’ қатысты қандай принцип жазылған?

Үйленгелі жатқан ер адам отбасын құру үшін алдын ала тыңғылықты дайындалуы керек. Бұл отбасын рухани және материалдық жағынан қамтамасыз етуге дайындалуды білдіреді (15.10. 12-бет).

• Отбасылық ғибадат кешін тиімді өткізу үшін ата-аналар не істей алады?

Отбасылық ғибадатты өткізетін күн мен уақытты белгілеп, оны ұстануға барынша күш салыңдар. Ал күтпеген жерден шұғыл шаруа шығып қалған жағдайда, оны қай күні өткізетіндеріңді шешіп қойыңдар (15.10. 29-бет).

• Неге әйел бауырлас қауым кездесулерінде баяндаманы ым тіліне аударса, орамал тарту керек?

Баяндамаларды ым тіліне аударуда жаңа технологиялар қолданылып жатқандықтан, адамдардың басты назары аудармашыға түседі. Сахнадағы үлкен экранда әдетте аудармашының бейнесі көрсетіледі, ал баяндамашының өзі тіпті көрінбей қалуы мүмкін. Сондықтан ым тіліне аударып тұрған әйел бауырластың қосалқы рөл атқарып жатқаны айқын болу үшін, оның орамал тартқаны орынды (15.11. 12-бет).

• Ілтипаттылық танытуда Ехоба мен оның Ұлынан қандай үлгі аламыз?

Ехоба Әлемнің Әміршісі болса да, адамдарға мейірімділік пен ізет көрсетеді. Ол Ыбырайым мен Мұсаға сөйлегенде “өтінемін” деп аударылатын еврей сөзін қолданған (Жар. 13:14; Мыс. ш. 4:6). Сондай-ақ Құдай адамдардың сөздеріне құлақ түреді (Жар. 18:23—32). Иса да басқаларға көмек беруге дайын болған және оларды есімімен атау арқылы құрмет көрсеткен (15.11. 25-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу