Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.10. 12-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Үй шаруашылығын қалай алып жүруге болады?
    Отбасы бақытының сыры
  • Отбасымен бірге әрдайым Құдайдың Сөзін зерттеңдер
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.10. 12-б.

Оқырман сауалдары

Нақыл сөздер 24:27-де қандай принцип жазылған?

Нақыл сөздердің жазушысы: “Алдымен сыртқы шаруаңды бітір, Егіндігіңді дайындап, жөнге келтір, Содан соң барып, шаңырақ көтер”,— деп, жас жігітке кеңес берген. Киелі рухтың жетелеуімен жазылған бұл сөздер қандай принципке үйретеді? Үйленгелі жатқан ер адам отбасын құрудың жауапкершіліктерін мойындай отырып, алдын ала тыңғылықты дайындалуы керек.

Киелі кітап заманында үйленіп, “шаңырақ көтергісі” келген ер адам өзінен: “Болашақ әйелім мен бала-шағамды асырауға, олардың қамдарын жасауға дайынмын ба?”— деп сұрауы керек еді. Отбасын құрмай тұрып ол егістік жерін өңдеп, еңбектенуі керек болған. Бір аудармаға сай бұл тармақта былай делінген: “Егістігің дайын болмайынша, әрі күнкөріске қаражат таба алатыныңа сенімді болмайынша, өзіңе үй соқпа және шаңырақ көтерме” (“Today’s English Version”). Мұндағы принцип қазіргі кезге де қатысты ма?

Әрине. Үйленгісі келген ер адам өз жауапкершіліктерін атқаруға жақсылап дайындалуы қажет. Он екі мүшесі сау ер адам еңбек етуі керек. Бірақ бұл отбасын асыраумен ғана шектелмейді. Киелі кітапта отбасының тәндік, эмоциялық және рухани қамын ойламайтын адамның Құдайға сенбейтіннен де жаман екені жазылған (Тім. 1-х. 5:8). Олай болса, жас жігіт үйленіп, отау тікпес бұрын өзіне келесі сұрақтарды қойып көргені жөн: Болашақ отбасымды асырауға жеткілікті дайындалдым ба? Рухани мәселелерде басшылықты қолға алуға дайынмын ба? Болашақ әйеліммен және бала-шағаммен жүйелі түрде Киелі кітап зерттеу жүргізу міндетімді атқарамын ба? Құдай Сөзі мұндай жауапкершіліктерге ерекше көңіл бөледі (Заң. қ. 6:6—8; Ефес. 6:4).

Сонымен, үйленуді ойлап жүрген жас жігіт Нақыл сөздер 24:27-дегі принцип жайлы мұқият ой жүгіртуі керек. Сондай-ақ бойжеткен қыз өзінен “Жар әрі ана болу жауапкершілігіне дайынмын ба?” деп сұрағаны абзал. Бұл сұрақтар балалы болуды жоспарлаған жас жұптарға да пайдалы (Лұқа 14:28). Киелі рухтың жетелеуімен жазылған бұл кеңесті ұстану Құдай халқына жанды жаралайтын жағдайлардан аулақ жүруге және отбасы өмірін бақытты етуге көмектеседі.

[12-беттегі сөздер]

Жас жігіт үйленуге қатысты қандай сұрақтардың үстінен ой жүгіртуі керек?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу