Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.12. 30-б.
  • Естеріңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Естеріңде ме?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Некелерің ‘үш қайтара өрілген жіптей’ бола берсін!
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сен таза тілде жатық сөйлейсің бе?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.12. 30-б.

Естеріңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандары сендерге ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр.

• Ата-аналарға жасөспірім балаларымен пікір алысуға не бөгет болуы мүмкін?

Жасөспірім жасқаншақ шығар, тәуелсіз не оңаша болуды қалайтын болар. Ата-аналар баланы бейресми жағдайларда әңгімеге тартып, оның айтқан сөздерінің артында не тұрғанын түсінуге тырысуы мүмкін. (Қаз.—желт. 18, 19-беттер)

• Құдай мен оның ниеті туралы шындықтың ‘таза тілінде’ жатық сөйлеуге не көмектеседі? (Соф. 3:9).

Бөтен тілді меңгерудегі сияқты, ‘таза тілде’ жатық сөйлеу үшін біз зейін салып тыңдауымыз, жатық сөйлейтіндерге еліктеуіміз, Киелі жазбаларды құрайтын кітаптардың аттары мен кейбір тармақтарды жаттап алуымыз қажет. Сондай-ақ үйренген нәрселерді қайталау, дауыстап оқу, грамматиканы немесе дұрыс ілімнің үлгісін оқу, рухани өсе беру, зерттеуге уақыт белгілеу және таза тілде “сөйлеп” жаттыға беруіміз керек. (15.08. 21—25 беттер)

• Қалайша неке ‘үш қайтара өрілген жіптей’ бола алады?

“Үш қайтара өрілген жіп” деген сөздер бейнелі мағынада айтылған (Екк. 4:12). Бұл сөздерді некеге қатысты қолданса, ортаңғы жіпке, Ехобаға, еркек пен әйел, яғни екі жіп өріледі. Құдаймен бірге болғанының арқасында ерлі-зайыптылар қиындықтарды шеше алатындай рухани күшке ие болады әрі некелерін бақытты ете алады. (15.09. 16-бет)

• Еврейлерге 6:2-дегі ‘қол қою’ деген сөздер неге қатысты айтылған?

Мұнда Пауыл мәсіхші ақсақалдарды тағайындауға қатысты емес, адамдарға киелі рух дарындарын беру үшін үстеріне қол қоюды айтқан болу керек (Ел. іс. 8:14—17; 19:6). (15.09. 32-бет)

• Жетекшілік ететіндер басқаларға қалай құрмет көрсете алады?

Мұның бір жолы ақсақал өзі істегісі келмейтінді басқалардан істеуді сұрамайды. Сондай-ақ ол бауырластардан бір нәрсе істеуді өтінгенде не басшылық бергенде себебін түсіндіреді. (15.10. 22-бет)

• Ежелде исраилдік шопандардың таяқты қалай қолданғанынан бүгінгі мәсіхші ақсақалдар не нәрсеге үйренеді?

Шопан қойларын баққанда, басы иілген ұзын таяқ қолданатын. Қойлар қораға кіргенде не шыққанда, шопан оларды ‘таяғының астынан өткізіп’ санайтын (Леуі. 27:32). Осы іспетті, мәсіхші бағушылар қарауындағы Құдайдың отарын жақсы білуі және қадағалауы қажет. (15.11. 9-бет)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу