Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.1. 3—4 бет.
  • Болашақты кім біле алады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Болашақты кім біле алады?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Болашақты біреу біле ала ма?
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіх жайлы алдын ала айтылған
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Оқырман сауалдары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Киелі кітап — Құдайдан келген кітап
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.1. 3—4 бет.

Болашақты кім біле алады?

“Жалғыз Мен ғана шынайы Құдаймын... Мен ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ және әлі істелмеген істерді баяғыдан-ақ алдын ала білдіріп келемін” (Ишая 46:9, 10).

ҚАЗІРГІ аумалы-төкпелі заманда саяси, қаржы және әлеуметтік саладағы сараптамашылар тарих пен қазіргі жағдайды зерттеп, болашақты болжауға тырысады. Басқалары болса жеке басын уайымдап, болашағын жұлдызнамашылар мен сәуегейлерден сұрап жатады. Алайда ізденістерінің нәтижесіне жиі олардың көңілдері толмайды. Сонда жалпы әлемді, отбасымызды және жеке басымызды алда не күтіп тұрғанын білу мүмкін емес болғаны ма? Әлде болашақты біле алатын біреу бар ма?

Ишая пайғамбардың жоғарыда келтірілген сөздерінен көретініміздей, құдіреті шексіз Ехоба Құдай өзінің болашақты айта алатын қабілетін сипаттаған. Құдай осы пайғамбар арқылы ежелгі исраилдіктердің Бабыл құлдығынан босап, елдеріне қайтатынын және олардың Иерусалим мен ондағы ғибадатхананы қайта соғатынын алдын ала айтқан болатын. Ол нақты қандай жайттарды алдын ала айтты? Ишая Бабылды жаулап алатын адамның есімін Кир деп шамамен 200 жыл бұрын тура атады. Оның үстіне, пайғамбар Кирдің қаланы қалай жаулап алатынына қатысты нақты жайттарды, мысалы, қаланы қорғап тұрған Евфрат өзенінің арнасының өзгертілетінін, айтқан. Тіпті Ишая қаланың үлкен жарма қақпасы елеусіз ашық қалып, Кирдің оны оп-оңай жаулап алатынын да алдын ала білген (Ишая 44:24—45:7).

Ал адам баласы болашағын болжауға дәрменсіз. “Мақтанба ертеңгі күніңмен, Сол күннің не әкелерін білмейсің сен”,— деген дана Сүлеймен патша (Нақыл сөздер 27:1). Бұл сөздердің растығына қазір де көзіміз жетеді. Себебі ертеңін алдын ала біле алатын бірде-бір адам жоқ. Неліктен болашақты Құдай біле алады? Себебі ол өз жаратылыстарын жақсы біледі, адамның болмысы мен бейімділіктерін терең түсінеді. Егер қаласа, Құдай әрбір адамның, тіпті түгел халықтың қалай әрекет ететінін алдын ала көре алады. Бұған қоса, оның оқиғалардың нәтижесіне әсер ете алатындай шексіз құдіреті бар. Егер ол пайғамбарлары арқылы бір жайттың болатынын айтса, онда ол ‘қызметшілерінің сөздерін іске асырып, пайғамбарларының айтқандарын орындайды’ (Ишая 44:26). Тек Ехоба Құдай жайлы ғана осылай деуге болады.

Ишая Иса Мәсіхтен 700-ден аса жыл бұрын өмір сүрсе де, оның келетіні жайлы пайғамбарлық еткен. Бірақ Киелі кітап сыншылары, әсіресе 18 ғасырдан бастап, Ишая кітабының шынайылығына күмән келтіретін болды. Олар бұл кітаптағы оқиғалар алдын ала емес, болып қойғаннан кейін жазылған дейді. Бұл рас па? 1947 жылы Өлі теңіздің маңындағы бір үңгірден Ишая жазбаларының көшірмесі мен басқа да көптеген көне шиыршықтар табылды. Ғалымдар бұл көшірмелер Иса Мәсіхтің туылуынан жүз жылдан аса уақыт бұрын жазылған деген тұжырым жасады. Демек, Киелі кітаптан болашақты білуге болады!

Ишая мен Киелі кітаптың басқа да жазушылары болашақтағы оқиғаларды өз ақылына сүйеніп жазбаған. Қайта, оларға ‘[Құдайдың] хабарларын айтуға [Оның] Киелі Рухы қозғау салып отырған’ (Петірдің 2-хаты 1:21). Келесі мақалаларда Ишая Исаның өміріне қатысты пайғамбарлық еткен кейбір жайттарға көңіл бөлеміз. Содан кейін Иса мен оның шәкірттері алдын ала айтқан осы күндегі және болашақтағы оқиғаларды қарастырамыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу