Ғалақад мектебінің 123-сыныбы мектеп түлектері ‘қаза бастауға’ шақырылды
СЕНБІ күні, 2007 жылдың 8 қыркүйегінде, 41 елден келген 6 352 адам Күзет мұнарасының Ғалақад Киелі кітап мектебінің 123-сыныбының аяқталу құрметіне өткізілген кешке жиналды. Сағат 10:00-де Басқарушы кеңестің мүшесі Антони Моррис бағдарламаның төрағасы ретінде кездесуді ашты. Ол алғы сөздерді айтқан соң, сахнаға Құрама Штаттарындағы Филиал комитетінің мүшесі Гари Броны шақырды.
Бро бауырлас сырт көрінісі қандай болса да, Ехобаның еркін орындайтын адамдар оның көзіне “әдемі” болып көрінетінін айтты (Ерм. 13:11, ЖД). Ол мектеп түлектерін осындай әдемі күйлерінде қалуға талпындырды. Одан кейін Басқарушы кеңестің мүшесі Геррит Лёш Ехобаға қызмет ететін адамдардың одан сый алуға үміттенгендері орынды екенініне назар аударды (Евр. 11:6). Алайда оған қызмет етуге бізді риясыз сүйіспеншілік талпындыру керек.
Бұдан кейін Теократиялық мектеп бөлімінің бақылаушысы Уилиям Самуэлсон мектеп түлектерін Патшаның билік етіп отырғанын жариялауға қатысты мәртебелі тапсырмаларын адал атқаруға және үлгілі жүріс-тұрыстарымен өздерін лайықты ұстауға кеңес бердіa. Теократиялық мектеп бөлімінің бақылаушысының көмекшісі Сэм Робинсон мектеп түлектерін басқалардың бойынан әрқашан жақсы нәрсе іздеуге шақырды. Сонда оларға ‘рухани бауырластарды сүю’ де жеңілірек болады (Пет. 1-х. 2:17).
Осы әсерлі баяндамалардан кейін Ғалақад мектебінің оқытушысы Марк Нумар мектеп түлектерінің бірнешеуімен Ғалақад мектебінде оқып жүріп уағызға шыққан кездерінде болған оқиғалар туралы сұхбаттасты. Олардың сөздерінен қызметке деген сүйіспеншіліктері мен адамдарға көмектесуге деген ыстық ықыластарын байқамау мүмкін емес еді. Паттерсондағы Бетелде қызмет ететін бауырлас Кент Фишер миссионерлерді қабыл алған үш елдегі Филиал комитетінің мүшелерімен сұхбаттасты. Бұл тамаша бауырластардың сұхбатынан кейін мектеп түлектерінің ата-аналары да, жиналған басқа адамдар да тағайындалған жерлерінде миссионерлерге қамқорлық көрсетілетініне көздері жетті. Бұдан кейін Аударма топтарына қызмет көрсету бөлімінде қызмет ететін Исак Марэй бауырлас миссионерлер ретінде ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан бауырластармен сұхбаттасты. Олардың сөздерін естіп, жаңа миссионерлер өздерін күтіп тұрған қуаныштың дәмін татқандай болды.
Басқарушы кеңестің мүшесі Джефри Джексон “Осының бәрін естіген соң, енді қалай әрекет етесіңдер?” деп аталатын негізгі баяндаманы айтты. Тынық мұхитының оңтүстігінде миссионер ретінде 25 жылға жуық қызмет еткен Джексон бауырлас Таудағы уағыздың қорытынды сөздері жайында сөз қозғады. Бұл уағызында Иса үй соққан көреген адам мен ақымақ адам жайында айтқан болатын. Баяндамашы бұл екі үйдің бір-біріне жақын орналасқан болуы мүмкін екеніне назар аударды. Алайда ақымақ адам үйін құм үстіне салады да, көреген адам үйдің мықты іргетасы болатын жартас тапқанға дейін жерді терең қаза береді. Қатты дауыл тұрғанда, жартасқа салынған үй аман қалады да, құмға салынған үй қирап қалады (Мат. 7:24—27; Лұқа 6:48).
Иса өзінің тәлімдерін естісе де, орындамаған адамдардың ақымақ адамға ұқсайтынын түсіндірген. Ал Исаның сөздерін тыңдап, оларды орындаған адамдар көреген адамға ұқсайды. Содан соң Джексон бауырлас мектеп түлектеріне былай деді: “Осында үйренген нәрселеріңді қызметтеріңде қолдансаңдар, сендер осы көреген адамға ұқсайтын боласыңдар”. Ақырында ол мектеп түлектерін миссионерлер ретінде ‘қаза бастауға’ шақырды.
Бағдарламаның соңында мектеп түлектеріне дипломдарын табыстап, тағайындалған елдерін атаған соң, Моррис бауырлас соңғы өсиеттерін айтты. Ол миссионерлерді Исаның ізімен жүре беруге және Ехобаның күш-жігер беретініне әрқашан сенімді болуға шақырды. Осымен салтанатты кеш аяқталды.
[Сілтеме]
a Оқу комитетінің қарамағындағы Теократиялық мектеп бөлімі Ғалақад мектебінің, Филиал комитетінің мүшелеріне арналған және аралаушы бақылаушыларға арналған мектептің қызметін қадағалап отырады.
[31-беттегі қоршау]
СЫНЫПҚА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘЛІМЕТТЕР
Оқушылар келген елдердің саны: 10
Тағайындалған елдердің саны: 24
Оқушылардың жалпы саны: 56
Орташа жасы: 33,5
Шындықта жүрген жылдарының орташа саны: 17,9
Толық уақыт қызмет еткен жылдарының орташа саны: 13,8
[32-беттегі сурет]
Күзет Мұнарасының Ғалақад Киелі кітап мектебінің 123-сыныбының түлектері
Тізімде қатарлардың нөмірлері төменнен жоғары, ал адамдардың аты-жөндері солдан оңға қарай.
1) Е. Эспарса; С. Папайя; А. Билал; М. Суарэс; Е. Эверс; К. Димичино. 2) М. Роза; Р. Фуджи; О. Рэйти; Д. Левэтон; М. Ван Лимпутон. 3) А. Баскаино; К. Бэк; Х. Буданова; К. Браз; К. Пелтс; А. Сияу. 4) С. Левэтон; Х. Сантико; С. Конти; Д. Уйлсон; Д. Райлэт; Ш. Пирс; К. Фуджи. 5) Д. Роза; М. Баскаино; В. Остин; П. Родиэл; П. Билал; П. Димичино. 6) Б. Рэйти; Д. Чизик; К. Кларк; А. Ридэл; Ф. Эспарса; П. Сияу; Т. Ван Лимпутон. 7) Ж. Родиэл; Д. Эверс; Д. Грин; Д. Чизик; М. Сантико; М. Райлэт. 8) Л. Пелтс; Д. Остин; Т. Ридэл; М. Бэк; У. Пирс; С. Конти; С. Грин. 9) Ж. Суарэс; Д. Кларк; С. Папайя; М. Буданов; Р. Уйлсон; Р. Браз.