Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.6. 32-б.
  • Тілдің құдіреті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тілдің құдіреті
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.6. 32-б.

Тілдің құдіреті

ҰЗЫНДЫҒЫ 45 сантиметрге дейін жететін керіктің тілі жылдам әрі ағаш жапырақтарын еркін жұлып алатындай күшті. Ал көк кит тілінің салмағы бір пілдің салмағындай. Оны қозғалтқанның өзіне қанша күш керек десеңші!

Бұлармен салыстырғанда, адам тілінің көлемі, күші мен салмағы түк те емес. Әйтсе де ол әлдеқайда құдіретті. Киелі кітапта осы титтей дене мүшесі жайлы: “Тілде өмір мен өлімнің билігі болар”,— делінген (Нақыл сөздер 18:21). Шынында да, тілдің өтірік айту не жалған куәлік беру үшін қолданылып, нәтижесінде қаншама жазықсыз жанның жапа шеккенін, тіпті өліп кеткенін, талай естідік емес пе?

Сол сияқты, көңілге тиетін сөздерден ажырамас достар да айырылысып жатады. Ауыр сөздерден қаншама адамның жаны жараланған. “Менің жанымды қашанға дейін азаптап, мені сөзбен қажай бересіңдер?”— деген болатын қатты күйінген Әйүп (Әйүп 19:2). Шәкірт Жақып жүгенсіз тілдің жойқын күшін былайша анық сипаттайды: “Тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады. От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті” (Жақып 3:5, 6).

Алайда тілдің адам өмірін сақтап қала алатын да күші бар. Жанашырлықпен айтылған жұбаныш сөздері жаны күйзелгендер мен өзіне қол жұмсамақ болғандарды аман алып қалған кездер болған. Сенімді кеңестер оған құлақ асқан нашақорлар мен қатыгез қылмыскерлерді мезгілсіз өлімнен аман алып қалған. Шынында да, әділ адамның тілі ‘өмір сыйлар ағашқа ұқсайды’ және “орнымен айтылған сөз күміс табаққа Салынған алтын алмадай тамаша” (Нақыл сөздер 15:4; 25:11).

Алайда тілді қолданудың ең жақсы жолы Ехоба Құдайды мадақтау, Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жариялау мен өзгелерге Киелі кітаптағы құнды шындықтарды үйрету болып табылады. Неге? Себебі Иса былай деген: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану” (Жохан 17:3; Матай 24:14; 28:19, 20).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу