Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.2. 32-б.
  • Оқып шығу оңай, бірақ тура ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқып шығу оңай, бірақ тура ма?
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.2. 32-б.

Оқып шығу оңай, бірақ тура ма?

АНГЛИКАН шіркеуі 2005 жылдың қыркүйек айында “100 минуттық Киелі кітап” (The 100-Minute Bible) деп аталатын Киелі кітаптың жарыққа шығуын шын көңілден қолдады. 100 минуттың ішінде оқып шығуға арналған бұл кітапта Еврей жазбалары әрқайсысы бір беттен тұратын 17 бөлімге, ал Грек жазбалары 33 бөлімге жинақталған. Бір шолушы айтқандай, “зеріктірерлік бөліктердің” бәрі алынып тасталған. Ол кітапты оқып шығу оңай шығар, бірақ тура ма?

Бұл басылымда Құдайдың Ехоба деген есімі алынып тасталумен қатар, басқа да бірқатар ауытқулар бар екенін Киелі кітапты мұқият зерттеушілер байқай алады (Мысырдан шығу 3:15). Мысалы, 1-ші бөлімде Құдай “аспан мен жерді алты күнде жаратты” делінген. Алайда түпнұсқа мәтіндегі Жаратылыс 1:1-де: “Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты”,— делінген. Сонан соң жерді қоса алғандағы жарату ісі алты “күнге”, немесе кезеңге, созылғаны айтылады. Сосын, Жаратылыс 2:4-те бүкіл жарату кезеңін қорытындылап ‘Құдай Ие жер мен аспанды жаратқан кез [“күн”, ЖД]’ деген.

“100 минуттық Киелі кітап” бойынша, мінсіз кісі Әйүпке “міндеті адамзатқа жала жабушы болған... [Құдайдың] қызметшілерінің бірі, Шайтан” шабуыл жасаған. Осындағы келіспеушілікті байқайсыз ба? “Шайтан” деген сөз “қарсылас” дегенді білдіреді. Ол Құдайдың қызметшісі емес, қайта, Құдайдың қас жауы және өзін-өзі адамзатқа жала жабушы еткен тұлға (Аян 12:7—10).

“100 минуттық Киелі кітаптағы” Мәсіхшілердің грек Жазбалары туралы не деуге болады? Бұл аудармада қойлар мен серкелер туралы астарлы әңгімеде Исаның рақымы “кез келген мүсәпір адамға” көмектескендерге түсетіні айтылған. Ал Иса, шын мәнінде, өзінің ізбасарларына, яғни ‘бауырластарына’, жақсылық жасайтындарға, батасын беретінін айтқан (Матай 25:40). Аян кітабына жасалған қысқа шолуда оқырмандарға “Рим, ұлы Бабыл, жермен жексен болатыны” айтылған. Алайда Киелі кітапты зерттеушілер түпнұсқада ешбір тармақ “Ұлы Бабылдың” бұндай анықтамасын құптамайды (Аян 17:15—18:24).

Жаратушымыз бен оның ниеті жайлы білгісі келетіндерге толық Киелі кітаптың орнын ештеңе алмастыра алмайды. Рас, Киелі кітапты оқу 100 минуттан көп уақытты алады, бірақ бұдан келер пайда зор (Жохан 17:3). Олай болса, Киелі кітапты оқуды қолға алыңыз да, өзіңіз пайдасын көріңіз (Тімотеге 2-хат 3:16, 17).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу