“Біз неге мұндамыз?”
НОБЕЛЬ сыйлығының иегері әрі нацисттік холокосттан аман қалған Эли Визель бұны “адам баласының алдында тұрған ең маңызды сұрақ” екенін айтқан. Ол қандай сұрақ? Бұл — “Біз неге мұндамыз?” деген сұрақ.
Осы сұрақ жөнінде ойланған кезіңіз болған ба? Ол туралы көп адам ойланған, бірақ жауабын таппаған. Өмірдің мәнін табуға тырысқан Британ тарихшысы Арнолд Тойнби былай деп жазды: “Адам баласының [тіршілік етуінің] шынайы мақсаты — Құдайды дәріптеу мен мәңгілік бойы Одан қуаныш табу”.
Бір қызығы, өмірде көрген-білгені көп өзге бір әйгілі кісі бұл сұрақтың негізгі жауабын үш мыңнан аса жыл бұрын-ақ айтып кеткен. Данышпан патша Сүлеймен: “Осы айтылғандардың бәрінің мәніне құлақ түрелік: — Құдайдан қорық және Оның шарттарын сақта, өйткені адам баласына қажеттілердің баршасы осының ішінде”,— деді (Екклесиаст 12:13).
Осы негізгі принципті Құдай Ұлы Иса Мәсіх те қолдаған. Жерде өмір сүрген кезде, Иса бар күш-жігерін көктегі Әкесін данқтауға жұмсаған. Жаратушысына қызмет еткені Исаның өмірін мағыналы еткен. Бұл Иса үшін азық сияқты болғандықтан, ол: “Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған нәр болады”,— дей алды (Жохан 4:34).
Сонымен, біз неге мұндамыз? Біз Иса, Сүлеймен және Құдайдың басқа да көптеген қызметшілері іспетті оның еркін орындай отырып, өмірдің шынайы мағынасын таба аламыз, әрі нағыз бақытқа кенелеміз. Құдайға қалай “Рухына кенеліп, шындықпен” ғибадат етуге болатыны жөнінде көбірек білгіңіз келе ме? (Жохан 4:24) Сіз тұратын жердегі Ехоба Куәгерлері “Біз неге мұндамыз?” деген сұраққа жауап табуыңызға қуана-қуана көмектеседі.